Теректі ауданы әкімі аппараты, 091100, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі №18, анықтама телефондары: 8-(71132)21-3-74, 21-3-85, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін:  жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 - 99106 теңгеге дейін.

1. Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты, индексі №1-2-5

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: мамандығы - Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жерглікті басқару, маркетинг), Құқық.

Функционалдық міндеттері: Коммуналдық меншікті басқару жұмыстарын ұйымдастыру; Коммуналдық меншік объекттерін өтеусіз пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беру бойынша жұмыстарды қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ұйымдастыру; Коммуналдық меншіктегі объекттерді, соның ішінде селолық округ әкімдерінің басқаруына берілген объекттерді мүліктік жалға беру бойынша есептерді жинақтау, құрыстыру және жоғары тұрған органдарға ұсыну; Коммуналдық меншік объекттерін пайдалануды қадағалау бойынша жұмыстар ұйымдастыру; Коммуналдық меншікті басқару бойынша нормативтік және құқықтық актілер жобаларын дайындау; ЕТБЖ деректер базасына мемлекеттік кәсіпорындар мен квазисекторлық субъекттермен есептіліктерді ұсыну бойынша, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдармен мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру; Мемлекеттік кәсіпорындар мен квазисекторлық субъекттердің қызметі туралы ақпаратты жинақтау, құрастыру және ұсыну; Кадрлар жұмыстарын жүргізу; «1-ОЛ» бағдарламаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жүргізу, осы бағдарламаға қатысты есеп беру, «Е-қызмет» АЫЖ-мен жұмыстану; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстану; Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау.

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Теректі ауданы әкімі аппараты, 091100, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі №18, анықтама телефондары: 8-(71132)21-3-74, 21-3-85, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,  бірыңғай конкурстық комиссия құрылған Теректі ауданының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орындарына ішкі  конкурс жариялайды:  

 

1. Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы E-R-1 санаты, №1-1-25лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142404 теңгеден 192371 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, мамандығы - Ауылшаруашылық ғылымдар; Әлеуметтік ғылымдар және бизнес; Жаратылыс ғылымдары; Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Құқық;  Өнер, Техникалық ғылымдар және технология;

Функционалдық міндеттері:  Бөлімді жалпы басқару. жеке кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуге бағытталған мемлекеттік және аймақтық саясатты жүргізу; әлеуметтік - экономикалық стратегиялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру; аудандық кәсіпкерлік бағдарламасын дамыту және іске асыру; жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы мен шешімдерінің жобасын әзірлеу;  кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде кіші цехтардың жұмысын дамыту және әртүрлі кәсіпкерлік  ұжымдарға көмектесу;  азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда ауданда тамақ және сауда нысандарының жұмысын ұйымдастыру; жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, нормативті - заңдылық актілерді орындау;  аудандағы кәсіпкерлікті дамытудың мониторингісін жүргізу;  аудан әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның жүмыстарын ұйымдастыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері жөнінде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға ғылыми - әдістемелік көмектер көрсету. Бөлім қызметшілерінің жұмыс тәртібін қадағалауына, сонымен қатар өзі шығарған актілерінің заңдылығына және олардың орындалуына жауапты. Заңды және жеке тұлғалардың жүгінулері бойынша жұмысқа бақылау жасайды.

 

Аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:  жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Федоровка ауылы                                                                              2017 жыл 21 сәуір

 

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

1. «E-4» санаты бойынша Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидат Гайнуллин Айбек Жалғасбекұлы лайық деп танылсын.

2. «Е-R-4» санаты Теректі ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидат Жарылгапов Кайнар Каныбекович лайық деп танылсын.

3. «E-G-3» санаты Ақсуат селолық округі әкімі аппаратының бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидат Джангалиев Кайрат Урынбасарович лайық деп танылсын.

4. «E-G-4» санаты Шаған селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (уақытша, бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орны) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидат Бақытжан Абай Ғаниұлы лайық деп танылсын.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                                     М.Стамкулова

Федоровка ауылы                                                                                           2017 жыл 19 сәуір

 

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

1. «E-4» санаты бойынша Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы бос лауазымын иеленуге жарияланған жалпы конкурсы бойынша кандидаттар Б.А.Ақташева, А.Ж.Гайнуллин әңгімелесуге жіберілді.

2. «E-R-4» санатындағы Теректі ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы бос лауазымын иеленуге жарияланған жалпы конкурсы бойынша кандидат К.К.Жарылгапов әңгімелесуге жіберілді.

3. «E-G-3» санаты Ақсуат селолық округі әкімі аппаратының бас маманы бос лауазымын иеленуге жарияланған жалпы конкурсы бойынша кандидаттар К.У.Джангалиев, Б.Д.Кусанов әңгімелесуге жіберілді.

«E-G-3» санаты Ақсуат селолық округі әкімі аппаратының бас маманы бос лауазымын иеленуге жарияланған жалпы конкурсы бойынша кандидат М.Е.Мажит әңгімелесуге жіберілмейді.

4. «E-G-4» санаты Шаған селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (уақытша, бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орны) бос лауазымын иеленуге жарияланған жалпы конкурсы бойынша кандидаттар М.Е.Мажит, Э.Г.Сисенгалиева, А.Ғ.Бақытжан әңгімелесуге жіберілді.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                                     М.Стамкулова

Федоровка ауылы                                                                      2017 жыл 6 сәуір

 

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

1. «Е-R-4» санаты Теректі ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  бас маманы (есепші) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидат Мамбетова Алмагуль Темирбулатовна лайық деп танылсын.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                            А.Канатова

Федоровка ауылы                                                                                    2017 жыл 3 сәуір

 

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

1. «Е-R-1» санаты Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы бос лауазымын иеленуге жарияланған жалпы конкурсы кандидаттардан құжаттар түспеуіне байланысты өткізілмеген болып есептелсін.

2. «Е-R-2» санаты Теректі ауданының білім беру бөлімі басшысының орынбасары  бос лауазымын иеленуге жарияланған жалпы конкурсы кандидаттардан құжаттар түспеуіне байланысты өткізілмеген болып есептелсін.

3. «Е-R-4» санаты Теректі ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  бас маманы (есепші) бос лауазымын иелену бойынша кандидат Мамбетова Алмагуль Темирбулатовна әңгімелесуге жіберілсін.

4. «Е-G-3» санаты Шалқар селолық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша, бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орны) бос лауазымын иелену бойынша кандидат Мамбетов Оралбай Галимжанович ұсынылған білімі туралы құжатты тану туралы (нострификациялау рәсімінен өткізілген) анықтамасының болмауына байланысты, әңгімелесуге жіберілмейді және конкурс өткізілмеген болып есептелсін.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                                     А.Канатова

Федоровка ауылы                                                                                    2017 жыл 27 наурыз

 

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

1. «Е-G-3» санаты Ақсуат селолық округі әкімі аппаратының бас маманы  бос лауазымын иеленуге жарияланған барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін ішкі  конкурсы кандидаттардан құжаттар түспеуіне байланысты өткізілмеген болып есептелсін.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                                     А.Канатова