«Теректі ауданы әкімінің аппараты» ММ 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Теректі ауданы әкімінің аппараты, 091100,  Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Сұңқар көшесі №18, анықтама телефоны: 8 (71132) 21374, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

1. Покатиловка  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (есепші) Е-G-3 санаты, №1-3-39, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 90963(min)  теңгеден 122463 (max)    теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:  Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны  әзірлеу, жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді ҚР бюджет заңнамасына сәйкес қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізу.   Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну. «Бюджет кодексі», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына сәйкес округ әкімі аппаратындағы  бухгалтерлік  есептерді жүргізу; Бекітілген кесте бойынша уақтылы қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу, төлеу; Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы аудару; Инвентаризация жүргізу. Қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуын қадағалау; Төлемдер жөніндегі шарттардың талаптарын орындалуын жүзеге асыру. Бағдарламалар бойынша шығыстар төлемінің төлем құжаттарын дайындау. Бюджеттік шоттар бойынша ақша қозғалысын есепке алу. Бюджеттік шоттағы ақша қалдығын №4-20 нысанмен салыстыру. Қазынашылық-Клиент бағдарламалары кешендерін дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету; Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын вебпорталға орналастыру жұмыстарымен айналысу; Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және оны жалға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Өз қызметі бағыттары бойынша белгіленген үлгідегі есептерді қаржы, салық, статистика органдарына дер кезінде түсіру.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзіне жүктелген басқа да міндеттерді  атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы)

 

2. Теректі ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы,  Е-3 санаты, № 1-1-14, (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында орнына), E-3 санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 112730 (min) теңгеден 152017 (max)  теңгеге дейiн.

   Функционалдық міндеттері:  Аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы – мемлекеттік қызметшілердің уақытылы аттестациядан өтуін қамтамасыз ету, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды иеленуге хабарландыру дайындау және қажетті жұмыстарды жүргізу, кадр резервін құру, дербес бөлімдер мен селолық округ әкімі аппараттының кадрлық жұмыстарының жүргізілуін бақылау және де жоғары органдарға кадр сұрақтары бойынша есеп беру, мемлекеттік қызметшілерге байланысты тәртіптік жаза қолдану жұмыстарын жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі оқытулар мен семинарларды өткізуді ұйымдастыру. «Е-қызмет» ЫАЖ жұмыс.        

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Құқық;  Өнер, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Жаратылыс ғылымдары; Техникалық ғылымдар және технология; Ауылшаруашылық ғылымдар; Қызмет көрсету; Ветеринария; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) мамандықтары бойынша.

 

3. Новопавловка ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (есепші) Е-G-4 санаты, №1-3-36, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 90963(min)  теңгеден 122463 (max)    теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:  Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы, бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу. Бас кітапты жүргізу. Қызметкерлердің еңбекақыларын, демалыс ақыларын, еңбекке жарамсыздықтары жөнінде парақтарын есептеп түсіру, зейнетақы аударымдарын есептеу және аудару. Банк құжаттарын рәсімдеу, шығыс сметасы және бюджеттік бағдарламаны орындау бойынша есеп беру, ұсыну. Коммуналдық мүлікті жалға (жалдауға) беру және сақталуын қамтамасыз ету. Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол шотын ашу. Аудандық қазынашылық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен жұмыс. Абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстану. Әскери жасындағы және әскери жасына дейінгі жастармен жұмыс. Тұрғын үй қорын түгендеу. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит жұмыстарымен айналысу. Спорт шараларына қатысты мәселелерді ұйымдастыру. Жергілікті салықтарды жинауды ұйымдастыру. Осы мәселелерден туындайтын басқа да шаралар алу және ақпарат беру. Жұмыссыздарды белгілеп отыру, қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының өртке қарсы қауіпсіздігіне жауапты. ҚР 2001 жылдың 30 қаңтарыңдағы «Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы» кодексінің 48 тармағының 5 бөліміне сәйкес мемлекеттік бюджет есебіне айыппұлдар өндіру. ҚР 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы «Бюджеттік кодексінің» 49 бабының 1 тармағының 24 тармақшасына сәйкес сыртқы жарнама орналастыру бойынша төлемдер жинау сұрақтары. Ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы)

Құзыреттер бойынша талаптар Е-G-3 санаты үшін: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар Е-3 санаты үшін: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Құзыреттер бойынша талаптар Е-G-4 санаты үшін: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс  тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс E-G-3 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі  білім болған  жағдайда жұмыс тәжірибесі  талап етілмейді.

Жұмыс  тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс E-3 санаты үшін:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жұмыс  тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс E-G-4 санаты үшін:жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Теректі ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені__________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

___________________________________  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

                        ____________________________________________               фото 3х4

                                    (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /              түрлі түсті

                                                 фамилия, имя, отчество (при наличии)                                               

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/ Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/ Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние

три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период(заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место

работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күні/дата