«Теректі ауданы әкімінің аппараты» ММ

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Теректі ауданы әкімінің аппараты, 091100,  Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Сұңқар көшесі №18, анықтама телефоны: 8 (71132) 21374, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

1. Новопавловка  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е-G-3 санаты (негізгі қызметкер орнына бала күтімі демалысында) , №1-3-35, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 90963(min)  теңгеден 122463 (max)    теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Округ әкімінің қабылданған нормативтік құқықтық актілерді және осы мәселелерден туындайтын нормативтік актілер жобаларын дайындау. Елді мекенде нотариус болмаған жағдайда нотариаттық іс - әрекеттерді жасау. Нормативтік актілерді әділет органдарында тіркеуден өткізу. Жер қатынастарын реттеу. Іс – қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, аудару. Кіріс және шығыс құжаттарды есепке алу, жеке және заңды тұлғалардың ауызша, жазбаша келіп түскен өтініштерін тіркеу және компьютерлік базаға енгізу.Құжаттық тәртіпті сақтау және есепке алу. Аз қамтылған және қорғалмаған санаттағы тұрғындармен, зейнеткерлермен, мүгедектермен және ҰОС, ауған соғысы ардагерлерімен, чернобыль, тыл еңбеккерлерімен жұмыс жүргізу. Тұрғындарға аңықтама беру. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс – шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы шешімдер жобасын дайындау. Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру. Шаруашылық кітаптарын жүргізу. Тілдерді дамыту бөлімі, әлеуметтік бағдарламалар жұмысы. Ішкі саясат және жастар ісімен жұмыс. Тарихи, мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Мұрағаттық қор ісін жүргізу және құжаттарды уақытылы мұрағатқа тапсыру. Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету. ҚР 2001 жылдың 30 қаңтарындағы «Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы» кодексінің 48 тармағының 5 бөліміне сәйкес мемлекеттік бюджет есебіне айыппұлдар өндіру. Ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 

2. Федоровка  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е-G-3 санаты, №1-3-60, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 90963(min)  теңгеден 122463 (max)    теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентің және Үкіметінің актілерінің, облыс пен аудан әкімдігінің қаулыларының және округ әкімінің қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын талаптарына сәйкес дайындау; Әкім аппаратына келіп түскен тапсырмалар және хаттар бойынша жұмыс; Округ әкімі аппаратының кадр жұмысы. Аппарат қызметкерлерінің жеке істерін рәсімдеу. Кадр жұмысы. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.Сауда саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, Сауда саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мемлекеттік қызмет стандартымен жұмыс. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Кезекшілік кестесін жасау.Әділет басқармасымен, прокуратурамен байланыста болу. Қажеттілік шегінде жалпы алғанда ұқсас басқа да міндеттерді орындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызметке қатысты заңнамасында көзделген шектеулерді мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтау. Ішкі тәртіп ережелерін сақтау және т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 

Құзыреттер бойынша талаптар E-G-3 санаты үшін : стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару

 

Жұмыс  тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс E-G-3 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі  білім болған  жағдайда жұмыс тәжірибесі  талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны: Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Теректі ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

______________­­­­­­________________________

______________­­­­­­________________________

______________­­­­­­________________________

(мемлекеттiк орган)

Өтініш

Мен ___________________________________________________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

ос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________                  ___________________________________
  (қолы)                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«____»_____________