«Теректі ауданы әкімінің аппараты» ММ

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Теректі ауданы әкімінің аппараты, 091100,  Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Сұңқар көшесі №18, анықтама телефоны: 8 (71132) 21374, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

1. "Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бас маманы, E-R-4 (1 бірлік, №1-2-38), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min)  теңгеден 128834   (max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Аудан аумағында автомобиль көлігі, автомобиль жолдары туралы заңнамалар қалыптарының, тұрғын үй туралы заңның сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілуін қамтамасыз ету. Автомобиль жолдары және өзге де инженерлік құрылыстардың көтеру қабілеті мен өткізу қабілетін бағалауға арнаулы рұқсатнамалар құжаттарын әзірлеу және келісімдеу. Аудан аумағында жүк тасымалдау ережелерінің сақталуы бойынша қосымша шаралар қабылдау. Жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерімен, хаттарымен жұмыс жасау. Кадр жұмысын жүргізу. «Е-қызмет» АЫЖ-мен жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Техникалық ғылымдар және технология (жылуэнергетика, электроэнергетика, көлік құрылысы, жылуэнергетика, электроэнергетика, метрология (сала бойынша), Көлік, көлік техникасы және технологиясы, құрылыс, құрылыс материалдар, бұйымдар, конструкция өндірісі, стандартизация және сертификация, маркшейдер ісі, геодезия және картография, технологиялық машина және жабдықтау, машинажасау); Өнер (архитектура, мүсіндеу, графика, көркем сурет, дизайн). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жергілікті мемлекеттік басқару, жобаларды басқару); қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру)

 

2. «Теректі ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ  бас маман (есепші) , E-R-4 (1 бірлік бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орны), №1-2-39; лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210  (min)  теңгеден 128834  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Бөлімде есепшілік жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, бухгалтерлік есептің құжаттарын құрастыру, қаржы және банк құжаттарын рәсімдеу, қаржыландыру жоспарын жасау, еңбекақыны, еңбек демалыс ақыларын, уақытша жұмысқа жарамайтындарға жәрдемақыларын есептеу, бөлінген қаржыны толық және мақсатына сай игеру, бюджеттік тапсырысты орындау бойынша есеп беру, баланс есебін жүргізу, түгендеу (инвентаризация) жұмыстары, мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу, келісім шарттар жасау. Салық комитетіне салықтар жеке төлемдер бойынша декларацияларды уақытылы жасақтау және тапсыру. Барлық бағдарламалар бойынша мемориалдық ордерлер жасақтау, бас кітап жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан  кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық  бағытына  сәйкес облыстарда  екі жылдан кем емес  жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  білімі барларға рұқсат етіледі.

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).

 

3.Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы (есепші), E-R-4 санаты (1бірлік, №1-2-18 уақытша, бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орны), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min)  теңгеден 128834   (max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің бухгалтерлік есебін жүргізу және ұйымдастыру, бухгалтерлік есептің құжаттарын құрастыру, қаржыландыру жоспарларына байланысты кезеңдік есептерін жүргізу, еңбекақыны есептеу, бөлім жұмыскерлерінің еңбек демалыс  ақыларын,уақытша жұмысқа жарамайтындарға  жәрдемақыларын есептеу, бөлінген қаржыны толық және мақсатына сай игеру. Бюджет сметасының орындалуына сараптама жүргізу және бақылау. Салық комитетіне салықтар жеке төлемдер бойынша декларацияларды уақытылы жасақтау және тапсыру. Барлық бағдарламалар бойынша мемориалдық ордерлер жасақтау, бас кітап жүргізу. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен  жұмыстарыну. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі тоқсандық есеп берулерді жасақтау және тапсыру, келісім шарттарды тіркеу журналын жүргізу. Бөлім бойынша бюджетік өтінімді жасақтау, уәкілетті органға тапсыру, өзгерістер енгізу. Негізгі жұмыстары бойынша сараптама, мониторинг жүргізу және есептерді уақытылы жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметке қатысты заңнамасында көзделген шектеулерді және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан  кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық  бағытына  сәйкес облыстарда  екі жылдан кем емес  жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  білімі барларға рұқсат етіледі.

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы)

 

Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс E-R-4 санаты үшін:

Жоғары  немесе жоғарыдан  кейінгі білім  болған  жағдайды жұмыс тәжірибес талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Теректі ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

________________________________________________________________  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

______________________________________                         фото

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/ Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/ Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние

три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период(заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место

работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күні/дата