«Теректі ауданы әкімінің аппараты» ММ

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Теректі ауданы әкімінің аппараты, 091100,  Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі №18, анықтама телефоны: 8 (71132)21374, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

  1. «Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы, E-R-4 санаты (1 бірлік, №1-2-47), E-R-4 санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді; тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде қолданыстағы заңнамада көзделген  тәсілдермен мемлекеттік сатып алуларды өткізеді; тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді; мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады; тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді; қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді; заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді және т.б

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, жергілікті мемлекеттік басқару); Құқық (юриспруденция).

 

  1. «Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 (1 бірлік, №1-2-36), E-R-4 санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Жұмыс жобаларды кешенді сараптамадан өткізу үшін электронды қызмет порталына жіберу және тапсырыс беру.  Объектілерді пайдалануға беру туралы 2-КС статистикалық есебін тапсыру. Құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдау актісін дайындау. Құрылыс басталу жөніндегі талон алу. Құрылысты тоқтату және жаңарту туралы хаттарды БҚО сәулет құрылыс бақылау басқармасына дайындап жолдау. Жобалау-сметалық құжаттама жасауға тапсырыс беру және конкурс құжаттарын дайындау. Е-қызмет жүйесімен жұмыстану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Техникалық ғылымдар және технология (теплоэнергетика, электроэнергетика, транспорт құрылысы, теплоэнергетика, электроэнергетика, метрология (сала бойынша), Көлік, көлік техникасы және технологиясы, құрылыс, құрылыс материалдар, бұйымдар, конструкция өндірісі, стандартизация және сертификация, маркшейдер ісі, геодезия және картография, технологиялық машина және жабдықтау); Өнер (архитектура, мүсіндеу, графика, көркем сурет, дизайн). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жергілікті мемлекеттік басқару, жобаларды басқару); қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр).

 

  1. Теректі ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы (есепші), E-R-4 санаты, индексі №1-2-25 лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Бөлімде есепшілік жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, бухгалтерлік есептің құжаттарын құрастыру, қаржы және банк құжаттарын рәсімдеу, қаржыландыру жоспарын жасау, еңбекақыны, еңбек демалыс ақыларын, уақытша жұмысқа жарамайтындарға жәрдемақыларын есептеу, бөлінген қаржыны толық және мақсатына сай игеру, бюджеттік тапсырысты орындау бойынша есеп беру, баланс есебін жүргізу, түгендеу (инвентаризация) жұмыстары, мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу, келісім шарттар жасау. Салық комитетіне салықтар жеке төлемдер бойынша декларацияларды уақытылы жасақтау және тапсыру. Барлық бағдарламалар бойынша мемориалдық ордерлер жасақтау, бас кітап жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан  кеінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық  бағытына  сәйкес облыстарда  екі жылдан кем емес  жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  білімі барларға рұқсат етіледі.

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  (экономика, есеп және аудаи, қаржы).

 

  1. «Теректі ауданының ветеринария бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 (1 бірлік, №1-2-26, уақытша, бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орны), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Ветеринария мәселелері бойынша бақылау, ауыл шаруашылық өндірісінің нәтижелігін арттыру және шаруашылықтарды қаржылай сауықтыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатынасу. Мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Өз саласы бойынша қажетті ақпарат дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру және ол бойынша есеп беру. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық нысандардың, ветеринариялық-санитариялық жағдайының  қауіпсіздігін  бақылайды. Ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына тапсыру. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары мен бірдейлендіру дерекқорларын жүргізу бойынша іс-шаралар жүргізу.  Кадр жұмыстарын және ОЛ бағдарламасын жүргізу. «Е-қызмет» АЫЖ-мен жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Ауылшаруашылық ғылымдар; Техникалық ғылымдар және технология (биотехнология, неорганикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; азық-түлік өнімдердің технологиясы; машинажасау, Көлік, көлік техникасы және технологиясы, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша); Ветеринария; Әлеуметтік ғылымдар, экономика  және бизнес (жергілікті мемлекеттік басқару, жобаларды басқару); Қызмет көрсету (жерге орналастыру, геодезия және картография), Жаратылыс ғылымдары (гидрология, метереология, химия, биология, экология)

 

  1. «Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы (есепші) E-R-4 санатты 1- бірлік , №1-2-8, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Бөлімде есепшілік жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, бухгалтерлік есептің құжаттарын құрастыру, қаржы және банк құжаттарын рәсімдеу, қаржыландыру жоспарын жасау, еңбекақыны, еңбек демалыс ақыларын, уақытша жұмысқа жарамайтындарға жәрдемақыларын есептеу, бөлінген қаржыны толық және мақсатына сай игеру, бюджеттік тапсырысты орындау бойынша есеп беру, түгендеу (инвентаризация) жұмыстары, мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу, келісім шарттар жасау.

Салық комитетіне салықтар жеке төлемдер бойынша декларацияларды уақытылы жасақтау және тапсыру. Барлық бағдарламалар бойынша мемориалдық ордерлер жасақтау, бас кітап жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы)

 

  1. «Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы (тұқым инспекторы) E-R-4 санатты 1- бірлік , №1-2-10, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Тұқым шаруашылығы жөніндегі қолданыстағы нормативтік- құқықтық актілерін  сақталуына мемлекеттік бақылау жүзеге асару. Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асару. Зиянкестер, саяқ шегірткеге, өсімдік ауруларына қарсы күрес. Егістіктерді міндетті сақтандыруды мемлекеттік бақылау. Дәнді дақылдар рыногіне қатысушылардан ңақты қолда бар тұқым және оның қозғалысы жөніндегі мәліметтер жинау. Ауылшаруашылық құрылымдарын жергілікті бюджеттен субсидиялауға қажетті құжаттар қабылдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс орның құру және қажетті мамандар жөнінде ақпарат әзірлеу. Бөлімнің сайттін жүргізу. Өз саласы бойынша қажетті ақпарат дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Ауылшаруашылық ғылымдар; Техникалық ғылымдар және технология (биотехнология, неорганикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; азық-түлік өнімдердің технологиясы; машинажасау, Көлік, көлік техникасы және технологиясы, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша); Ветеринария; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жергілікті мемлекеттік басқару, жобаларды басқару); Қызмет көрсету (жерге орналастыру, геодезия және картография), Жаратылыс ғылымдары (гидрология, метереология, химия, биология, экология)

 

  1. Новопавловка селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Е-G-3 санаты, №1-3-34, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 90963(min) теңгеден 122463 (max)    теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі жоқ уақытта оған қарасты мәселелерді, шаруашылық, әлеуметтік тапсырмаларды шешу. Бухгалтерлік есепті бақылау. Мемлекеттік сатып алуды өткізу, ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру. Кадрлар қызметінің жұмысы. Мамандардың қызметтерін ұйымдастыру және олардың міндеттері мен еңбек тәртібін бақылау. Бюджеттік бағдарламаның орындалуын бақылау. АИС базасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Ауылдық округтегі Үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыс. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау. Округте әлеуметтік және басқа да мониторингтерін жүргізу. Жергілікті қоғамдастықтың жұмыстарын ұйымдастыру. Әкіммен өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру. Автомобиль жолдарының қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз ету. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы бойынша жұмыстану. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдесу. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдау. Ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 

  1. «Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы Е-G-4 санаты, №1-3-77 лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 81229 (min) теңгеден 109367 (max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңдарының орындалуын ұйымдастыру және әскери есебін жүргізу;Жастар ісі және спорт, мәдени шараларды жоспарлау, өткізу; Жергілікті қоғамдастықтың жұмыстарын ұйымдастыру;Терроризмге қарсы комиссиямен жоспар бойынша жұмыс жасау; Округтегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету; кәсіпкерлік субьектілерін неиселендіру мәселелері бойынша жұмыстану; микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтау; ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру; округ әкімі құзыреті шегіндегі жер қатынастарын реттеу, шаруа қожалықтарын ұйымдастыру; кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмысын үйлестіріп отыру. шаруашылық техникаларын есепке алу; Округ бойынша жүргізілетін құрылыстарды ұйымдастыру, қадағалау;  Төтенше жағдайларға байланысты алдын ала іс-шаралар ұйымдастыру; Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

 

  1. «Аңқаты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы Е-G-4 санаты, №1-3-23 лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 81229 (min) теңгеден 109367 (max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Әкім аппартына түскен арыз-шағымдарды тіркеу, орындалуына бақылау жасау. 1-ОЛ «EUOL» уақытында есебін беру. Тұрғындарға жеке шаруашылығы жөнінде анықтамалар беру, мал мен жанның есебін, шаруашылық кітаптарын, алфавиттік кітаптарды нұсқауға сай жүргізу.ААЖ (АИС) бағдарламасы бойынша сайлаушылардың есебін жүргізу, уақытында есеп беру. Ауылдық округ әкімі жанында өтетін отырыстардың, ауылдық округ тұрғындары жиналыстарының хаттамаларын жүргізу. Ауылдық округ бойынша аймақтық экономикалық даму бағдарламасын жасау, оның жүзеге асыруын қадағалау. Жастар ісі және спорт жұмыстарын ұйымдастыру, жастармен спорт, мәдени шараларды жоспарлау, өткізу. Әкім аппаратына келіп түскен хаттарға жауап әзірлеу. Қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

 

  1. «Подстепное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы Е-G-4 санаты, №1-3-49 лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 81229 (min) теңгеден 109367 (max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес, нашақорлыққа қарсы, сыбайлас жемқорлыққа және адам саудасына қарсы күрес туралы және т.б. тиісті аймақтық бағдарламаларына сәйкес қажетті шараларды жоспарға сәйкес жүзеге асыру;

Әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын жастармен жұмыс, олардың шақырылуын қамтамасыз ету.  Әскери міндеттілерді әскери есепке алу және шығару жұмыстарын жүргізу және есеп беру; АҚ және ТЖ, өрт қауіпсіздігі мәселелері, округтің жұмылдыру жоспарын әзірлеу; Әкім аппаратына келіп түскен тапсырмалар және хаттар бойынша жұмыс; Округ әкімінің және орынбасарының жұмысымен байланысты құжаттар дайындау.Қажеттілік шегінде жалпы алғанда ұқсас басқа да міндеттерді орындау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметке қатысты заңнамасында көзделген шектеулерді және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтау. Ішкі тәртіп ережелерін сақтау және т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс E-R-4 санаты үшн:

Жоғары  немесе  жоғарыдан  кейінгі білім  болған  жағдайды жұмыс  тәжірибес талап етілмейді.

Жұмыс  тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс E-G-3 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі  білім болған  жағдайда жұмыс тәжірибесі  талап етілмейді.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс E-G-4 санаты үшін:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Теректі ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________

фото 3х4

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / түрлі түсті

фамилия, имя, отчество (при наличии)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/ Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/ Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние

три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период(заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место

работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күні/дата