Федоровка ауылы                                                                      2018 жыл 16 сәуір

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

1. «E-R-4» санаты Теректі ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидат Ибрашева Ақбота Сардарқызы лайық деп танылсын.

2. «E-G-3» санаты Ақжайық селолық округі әкімі аппаратының бас маманы (есепші) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидат Хайруллин Еркин Хамидуллиевич лайық деп танылсын.

3. «E-G-3» санаты Шаған селолық округі әкімі аппаратының бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидаттың әңгімелесуге келмеуіне байланысты, конкурс өткізілмеген болып есептелсін.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                            А.Канатова

Федоровка ауылы                                                                                         2018 жыл 12 сәуір

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

1) «Е-R-4» санаты «Е-R-4» санаты Теректі ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы (есепші), «Е-R-4» санаты Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы (есепші)(бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орны), «Е-G-4» санаты Новопавловка селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (есепші) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге жарияланған жалпы  конкурсына кандидаттардан құжаттар түспеуіне байланысты конкурс өтпеген болып есептелсін.

2) «Е-R-4» санаты Теректі ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы бос лауазымын иелену бойынша кандидат А.С.Ибрашева әңгімелесуге жіберілсін.

3) «Е-G-3» санаты бойынша Ақжайық селолық округі әкімі аппаратының бас маманы (есепші) бос лауазымын иелену бойынша кандидат Е.Х.Хайруллин әңгімелесуге жіберілсін.

4) «Е-G-3» санаты бойынша Шаған селолық округі әкімі аппаратының бас маманы бос лауазымын иелену бойынша кандидат Н.Ж.Кабесов әңгімелесуге жіберілсін.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                                     А.Канатова

Теректі ауданы әкімі аппараты, 091100, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі №18, анықтама телефондары: 8-(71132)21-3-74, 21-3-85, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін:  жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 – 99106 теңгеге дейін.

E-G-4 санаты үшін:  жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;     мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 – 84115 теңгеге дейін.

Теректі ауданы әкімі аппараты, 091100, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі №18, анықтама телефондары: 8-(71132)21-3-74, 21-3-85, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.бірыңғай конкурстық комиссия құрылған Теректі ауданының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орындарына ішкі  конкурс жариялайды:

 

1. Федоровка селолық округі әкімі аппаратының бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орны) Е-G-3 санаты, №1-3-60,  лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Ауылшаруашылық ғылымдар; Әлеуметтік ғылымдар және бизнес; Гуманитариялық ғылымдар; Құқық; Техникалық ғылымдар және технология.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентің және Үкіметінің актілерінің, облыс пен аудан әкімдігінің қаулыларының және округ әкімінің қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын талаптарына сәйкес дайындау; Әкім аппаратына келіп түскен тапсырмалар және хаттар бойынша жұмыс; Округ әкімі аппаратының кадр жұмысы. Аппарат қызметкерлерінің жеке істерін рәсімдеу. Кадр жұмысы. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.Сауда саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мемлекеттік қызмет стандартымен жұмыс. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Кезекшілік кестесін жасау. Әділет басқармасымен, прокуратурамен байланыста болу. Қажеттілік шегінде жалпы алғанда ұқсас басқа да міндеттерді орындау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызметке қатысты заңнамасында көзделген шектеулерді мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтау. Ішкі тәртіп ережелерін сақтау және т.б.

Теректі ауданы әкімі аппараты, 091100, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі №18, анықтама телефондары: 8-(71132)21-3-74, 21-3-85, эл.мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

1. Ақжайық селолық округі әкімі аппаратының бас маманы (есепші) Е-G-3 санаты, №1-3-3,  лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, жергілікті мемлекеттік басқару)

Функционалдық міндеттері: Селолық округі әкімі аппаратында есепшілік жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, бухгалтерлік есептің құжаттарын құрастыру, қаржы және банк құжаттарын рәсімдеу, қаржыландыру жоспарын жасау, еңбекақыны, еңбек демалыс ақыларын, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу, бөлінген қаржыны толық және мақсатына сай игеру, бюджеттік тапсырысты орындау бойынша есеп беру, ұсыну,  қаржылық құжаттарға қол қою құқығы. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу. Баланс есебін жүргізу, түгендеу (инвентаризация) жұмыстары. Салық комитетіне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша декларацияларды уақытылы жасақтау және тапсыру. Барлық бағдарламалар бойынша мемориалдық ордерлер жасақтау, бас кітап жүргізу. Округ бойынша түскен қаржы кіріс-шығысын қадағалау. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз ету. Бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдау. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасау және бекіту.

Федоровка ауылы                                                                      2018 жыл 27 наурыз

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

1. «E-R-1» санаты Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымын иеленуге кандидат Ибраев Мирхат Максотович лайық деп танылсын.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                                      А.Канатова

Федоровка ауылы                                                                                            2018 жыл 20 наурыз

 

Конкурс комиссиясының  ШЕШІМІ:

  1. «E-R-1» санаты Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы бос лауазымын иелену бойынша кандидат М.М.Ибраев әңгімелесуге жіберілді.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы:                                     А.Канатова