2018 жылдың ІІ тоқсан және І-ші жартыжылдықта көрсетілген мемлекеттік қызметтер қорытындысы бойынша талдама

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» №88-V Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың қаңтар – маусым айларында мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер анықталмады. Көрсетілген қызметтер бойынша құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар болған жоқ.

2018 жылдың ІІ тоқсан және І-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша 20463 (Іж/ж  26903) мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 656 (1239);

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3466 (4590);

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны – 14960 (18565);

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны – 973 (2083);

- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 408 (426);

- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Аудан әкімінің 2018 жылдың 10 қаңтардағы №1 өкімімен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес І жартыжылдықта 6 (ауыл шаруашылығы, ветеринария, білім беру, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және қаржы) бөлімге, 8 (Ақсуат, Ақжайық, Ақсоғым, Богдановка, Долинное, Приречный, Шаған, Шағатай) ауылдық округке аудандық мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі мемлекеттік бақылау (тексеру) іс-шарасы жоспарланып, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы    іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті І тоқсанда ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі мемлекеттік бақылау (тексеру)            іс-шарасы жүргізілді (бақылау іс-шарасының актісі жалғанды).

«Электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйрету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында тұрғындарды толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру мақсатында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу жұмыстары жалғасуда. Бекітілген кесетеге сәйкес сәуір айында 12 ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылса, мамыр айында Долинное және Приречный ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауылдық округ әкімдері, ауданның барлық мемлекеттік мекеме және кәсіпорын басшылары (14 ауылдық округтерде қамтылған халық саны – 150) қатысып, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.   

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды алу бағытында 66 түсіндірме іс-шаралар ұйымдастырылып, 1840 адамды қамтыды. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және ағымдағы жылдың ақпан айында «Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Казбенов, сәуір айында «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша 33 қызметкер біліктілік арттыру курсынан өтті. Барлығы 34 қызметкер.

3 дербес бөлім бірігіп 1, және 15 ауылдық округте, 3 бөлімде «Өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» ашылып, барлығы 19 бұрыш қызмет атқарады. Осыған орай, Елбасының алға қойған міндетін орындау мақсатында шалғайда орналасқан елдімекендерде тұратын азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық  түрде алуға қолжетімділігін арттыру және қызмет алуды біртабан жеңілдету аясында ауылдық округтерде ашылған өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштарында картридерлер орнатылды. Мамыр айында өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 195 мемлекеттік қызметтер көрсетілді («Мекенжай анықтамасын беру», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Жеке зейнетақы шотынан үзінді алу», «Сотталмағаны туралы анықтама» және де басқада  қызметтер бойынша).

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік   қоғамының БҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Теректі аудандық бөлімімен бекітілген мобильдік топтың елдімекендерге шығу кестесі аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланды (2018 жылдың 6 айында 4 елдімекенге 16 шығу ұйымдастырылып, 824  мемлекеттік қызмет көрсетілді).

Стандарттар мен регламенттер бекітілу уақытына сәйкес аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында уақтылы жариялануда.

Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың  арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және сын-пікірлерін ескерудің маңызы өте зор. Осы бағытта ауданның мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерінде тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшіктер орнатылды. Күні бүгінге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ.

Аудан тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің ресми сайтында, жергілікті «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қызмет сапасын жетілдіру бойынша атқарылған шаралар мен өткізілген дөңгелек үстелдер, семинар, кеңес отырыстары туралы ұдайы мақалалар жариялануда.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, электрондық цифрлық қолтаңба санын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.


Аудан әкімі К.Жакуповтың

 қоғамдық кеңес мүшелері

алдындағы есептік кездесуіндегі

баяндамасынан үзінді

(аудан әкімшілігінің мәжіліс залы,

12.01.2018)

 

Құрметті қоғамдық кеңесінің мүшелері

және жиынға қатысушылар!

Өткен 2017 жыл біздің мемлекетіміз  үшін айрықша оқиғаларға толы болған. Атап айтсақ, Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асырылуы, Алматы қаласында 28-ші қысқы Универсиада және Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық көрмесінің өтуі маңызды болып саналады. 2018 жылдың басталуы мемлекетіміз үшін маңызды оқиға – яғни, еліміздің қаңтар айы бойы біріккен ұлттар Ұйымының қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі.

Осы жетістіктерге еліміз ерекше табыспен қол жеткізді. Біз өзімізді әкімшілік дамуы, саяси жүйесі және экономикасы тұрақты мемлекет ретінде көрсете білдік. Бүгінде еліміз халықаралық қоғамдастықтың беделді және құрметті мүшесіне айналды. Осының барлығы Мемлекет басшысымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік аренадағы беделі арқасында.

Қоғамымыздағы саяси тұрақтылық пен экономикалық жаңарудағы табыс - еліміздің аумағының дамуына жайлы жағдайлар жасады. Теректі ауданының экономикалық жағдайы болашаққа деген батыл қадам жасауымызға ерік береді. Бүкіл елмен бірге ауданымыз да гүлденген мемлекетті құру жолында сенімді және ойдағыдай үлесін қосуда. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы соңғы жылдарда негізгі көрсеткіштердің динамикалық өсуін көрсетеді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №983 қаулысын басшылыққа ала отырып, яғни бекітілген тізілім бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

2017 жылы аудан бойынша 28650 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде электронды түрде көрсетілген мемлекетік қызмет  саны – 15191.  Мемлекеттік корпорация арқылы мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер болған жоқ.

Дегенмен, 2017 жылы жекелеген қызмет көрсетушілер тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері орын алды (6 факт). Нәтижесінде лауазымды тұлғалар тәртіптік шараларға тартылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі қатаң бақылауда.

27 қараша күні аудан орталығында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауылдық округ әкімдері, ауданның барлық мемлекеттік мекеме және кәсіпорын басшылары (барлығы 117 адам) қатысты.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында тұрғындарды толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру.

Ақжайық, Ақсуат, Богдановка, Долинное, Подстепное, Покатиловка, Федоровка, Шағатай, Шаған  ауылдық округтерінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында басты 10 міндет айқындалды. Соның ішінде,«Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін» атты оныншы бағытында «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деп нақты көрсетілгені баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында заманауи жаңа технологиялар өмір мен өндірістің барлық саласына тиімді және орынды енгізілуде. Ауданымызда азаматтардың жеке куәліктеріне электрондық цифрлық қолтаңбаны жазу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы 7463 адам ЭЦҚ алды.

Осыған орай, Елбасының алға қойған міндетін орындау мақсатында шалғай орналасқан елді мекендерде тұратын азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық  түрде алуға қолжетімділігін арттыру және қызмет алуды біртабан жеңілдету аясында ауылдық округтерде ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында картридерлер орнатылды. 

 

Қадірлі қауым!

10 қаңтарда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жылсайынғы Жолдауы жарияланды.

Елбасы алдымызға Қазақстанның озық дамыған отыз елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету бойынша 10 тапсырма қойып отыр.

Олар, өндірістік процесстерді цифрландыру және ресурстыө потенциалды дамыту; агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейіне көтеру; көлік және логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру; құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу; қаржы секторын «қайта жаңғырту»; адами капиталдың сапасын жақсарту; тиімді мемлекеттік басқару; жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін қамтамасыз ету; «смарт-сити» технологияларын енгізу.

Биылғы Жолдау елдің әрі қарай жаңғыруының маңызды ынталандыруы  болып табылады және   барлық билік органдары мен жеке тұлғалардың алда қойған мақсаттарын іске асыруда белсенді қатысуын талап етеді.

Бір ойышылдың: «Балағыңның шаңын қаға берсең, діттеген жеріңе уақыттылы жете алмайсың», деген сөзі бар. Сондықтан ештеңеге қарамай тек қана алға жүру керек. Осыған байланысты, бәріміз жұмылып, бір тұтастай болоып, Елбасымыздың Жолдауында берілген тапсырмаларын орындауға ұмтылуымыз қажет.

Келешекте алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін, бәріміз күшімізді біріктіріп, нәтижелі, берекелі, жауапкершілікпен және адал ниетпен жұмыс жасауымызды сұраймын. Өз жұмысымызды біз беделді ақсақалдар мен жастардың, депутаттар, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және қоғамдық ұйымдардың  қолдауларына сүйенеміз.

Бір-бірімізге алға қойылған міндеттеріміздің табысты жүзеге асуына тілек білдіремін.


2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша талдама

Аудан әкімінің 2018 жылдың 10 қаңтардағы №1 өкімімен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес І тоқсан қорытындысы бойынша 3 (ауыл шаруашылығы, ветеринария және білім беру) бөлімге, 4 (Ақсуат, Богдановка, Долинное, Приречный) ауылдық округке аудандық мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі мемлекеттік бақылау (тексеру) іс-шарасы, 1 (мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі) бөлімге облыстық мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі мемлекеттік бақылау (тексеру) іс-шарасы  жүргізілді (бақылау іс-шарасының актісі жалғанды).

2018 жылдың І жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы -  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Теректі аудандық бөлімімен Шаған, Ұзынкөл, Аңқаты, Федоров қазақ, №1 Федоров және Х.Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім беру ұйымдарының оқушылары мен мұғалімдеріне жауапты мамандар «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйретуде. «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйрету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 6627 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 583;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1124;

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -3605;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны1116;

- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 199:

- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Қаңтар айында білім саласындағы қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметтерді талқылау бағытында семинар өтті. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды алу бағытында 22 түсіндірме іс-шаралар ұйымдастырылып, 564 адамды қамтыды. «Мемлекетік қызметтер көрсету сапасын арттыру және «Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Казбенов ағымдағы жылдың ақпан айында біліктілік арттыру курсынан өтті.

15 ауылдық округте «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады. Осыған орай, Елбасының алға қойған міндетін орындау мақсатында шалғайда орналасқан елдімекендерде тұратын азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық  түрде алуға қолжетімділігін арттыру және қызмет алуды біртабан жеңілдету аясында ауылдық округтерде ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында картридерлер орнатылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы «Мекенжай анықтамасын беру», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Жеке зейнетақы шотынан үзінді алу» және де басқада  қызметтер бойынша қызмет көрсетілуде. Алдағы уақытта бұл шаралар жалғасын табатын болады.

Электрондқ форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында ауданның мекемелерінің барлық санаттағы қызметкерлері (мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, техникалық персонал) және аудан тұрғындары барлығы – 3478 электрондық цифрлық қолтаңба алды.

Электрондық цифрлық қолтаңба санын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету тәртібі» туралы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастырылуымен дөңгелек үстел оздырылды.

Стандарттар мен регламенттер бекітілу уақытына сәйкес аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында уақтылы жариялануда.

Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың  арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және сын-пікірлерін ескерудің маңызы өте зор. Осы бағытта ауданның мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерінде тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшіктер орнатылды. Күні бүгінге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ.

Аудан тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің ресми сайтында, жергілікті «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қызмет сапасын жетілдіру бойынша атқарылған шаралар мен өткізілген дөңгелек үстелдер, семинар, кеңес отырыстары туралы ұдайы мақалалар жариялануда.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.