Жемқорлықпен күресудің бір әдісі- мемлекеттік қызметті сапалы атқару.

Біздің бөлім халыққа мемлекеттік қызметтің 15 түрін көрсетеді. Соның ішінде тек «Ақталған адамға куәлік беру»  қызметі бөлім арқылы көрсетіледі.

14 мемлекеттік қызмет: «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру», «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу», «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»,  «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері  бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау»,  «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»,  «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»,  «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» «Тұрғын үй көмегін тағайындау» бөлім арқылы және баламалы түрде, яғни  «Электронды үкімет» веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және ауылдық округ әкімі арқылы көрсетіледі.

Бөлім ғимаратына мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпараттарды іліп, арыз-шағым, ұсыныстарға жәшік қойдық.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жауапты мамандар Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтап, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы уақытылы, толық ақпарат ұсынады. Сыпайылық таныту, сапалы жұмыс жасау сынды жұмыс қағидаттарын қатаң сақтайды. Және де мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация немесе электронды үкімет порталы арқылы электрондық сандық қолтаңбамен алуға болатындығын түсіндіріліп отырады.

Әлима Лұқпанова,

ауданның жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі

басшысының орынбасары

Қазақстан   тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді.

Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп өркенде, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Заң демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.  Бұл заң лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады.  Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдар  өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Арайлым ТАСЕНОВА

ауданның жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдараламалар

бөлімінің басшысы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына сәйкес тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік, және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға жыл сайын мемлекеттік техникалық байқау жүргізіледі.

Жылына бір рет техникалық қарап-тексеруге, жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жатады.

Техникалық қарап-тексеру көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын жүзеге асыратын машиналарды осындай жұмыстар басталар алдында машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша кестеге сәйкес жүргізіледі.

Теректі ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің басшысымен бекітілген кестесі бойынша техникалық байқау 1 кезені көктемгі-дала жұмыстарын жүзеге асыратын машиналарды 1-нен – 17-ші сәуірге дейін, 2 кезені егін жинау жұмыстарын жүзеге асыратын машиналарды 4-нең -27-ші маусымға дейін отеді:  Ақсуат ауылында 4-04,6-06;  Ақжайық ауылында     5-06;  Талпын ауылында 5-06; Ақсоғым ауылында 4-06; Анқата ауылында 16-04,8-06; Богдановка ауылында 05-04,11-06;Придорожное ауылында 06-04,12-06; Долинное ауылында 2-04,21-06; Тонкеріс ауылында 22-06; Новопавловка ауылында 10-04,7-06; Подстепное ауылында 9-04,13-06; Покатиловка ауылында 11-04,18-06; Приречный ауылында 12-04,20-06; Ұзынкөл ауылында 13-04,14-06; Федоровка ауылында 17-04,27-06; Шағатай ауылында 25-06; Шалқар ауылында 15-06; Шаған ауылында 3-04,19-06. Техникалық байқау 1 кезенде көктемдегі дала жұмыстарына қатысатын машиналар өткізіледі,

2 кезенде жиым-терім жұмыстарына қатысатын машиналар өткізіледі. Техникалық байқау жүргізу уақыты – сағат 10.00.

Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды және жай-күйiне әсер ететін бұзылулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жүргiзiледi.

Занды тұлғалар машинаны мемлекеттік техникалық байқауға мынадай құжаттарды ұсынады:өтініш, машинаның тіркеу құжаты (техникалық паспорт), машиналар туралы мәлімет. Жеке тұлғалар машинаны мемлекеттік техникалық байқауға мынадай құжаттарды ұсынады: өтініш, машинаның тіркеу құжаты (техникалық паспорт).

 

Теректі ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің

бас мемлекеттік инженер-инспекторы  Е.Казбенов