2017 жылдың 1 қаңтар - 30 қыркүйек  аралығында Теректі ауданы әкімінің аппаратына  960 өтініш келіп түсті, соның ішінде:

заңды тұлғалардан - 90.

жеке тұлғалардан   -   870

2017 жылы  келіп түскен  960  өтініштердің ішінде:

жазбаша түсінік берілгені  - 329 өтініш

қанағаттандырылғаны - 616

бас тартылғаны   - 0

жауапсыз қалған (мерзімі бар) - 15

 

Теректі ауданы әкімінің  аппаратына  келіп  түскен  арыздардың  сараптамасы  бойынша  туындаған  негізгі   мәселелер:

- жер  мәселесі бойынша – 742

- тіркеуге  отырғызу  мәселесі  бойынша – 26

- жұмыспен қамту және материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша – 20

- тұрғын үй  мәселесі бойынша – 34

- білім мәселесі – 2

- халықтың тұрмысы  - 136

 

1. ҚР Президенті Әкімшілігінен - 1 арыз түсті.

 

2. Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратынан - 33 арыз, оның  ішінде

жеке  тұлғалардан - 32,  заңды тұлғалардан   -  1.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімі блогынан  - 1 арыз  түсті.

Теректі аудан  әкімінің блогына -  28 арыз түсті.

 

Теректі ауданы әкімі бекіткен кестеге сәйкес аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарларымен  2017 жылдың  9 ай  қорытындысы  бойынша   156  адам жеке   қабылдауда  болды.  Соның  ішінде:

Аудан әкімімен – 147 адам  қабылданды.

Аудан әкімі орынбасарларымен – 9 адам  қабылданды.

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej

 

«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!

Орыс тілінде «Пушкин көшесіне» қатысты балалар санамағы бар. Ол неге  есіме түсе қалды? Әңгімені әріден бастайын. Алдымен, қадірлі оқырман,  сізге мына сұрақты төтесінен қойғым келіп отыр. Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сомасын білесіз бе? Зейнетақы шотыңыздан үзінді-көшірмені соңғы рет қашан алып едіңіз? «Мұның барлығын не үшін сұрап отыр? – деп, ойлап қалуыңыз мүмкін. 

Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

Әрине, барлығымыз да шартқа өзіміздің пошталық мекенжайымызды көрсеттік. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен бері салымшылардың көпшілігі өздерінің жеке деректемелерін өзгертуге асықпады. Қорға келіп, дерекқордан өздерінің мекенжайын, телефон нөмірін тексеріп те жатпады.    

«Жұмыс беруші аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» - дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз әлі күнге дейін бұрынғы дағдылы әдіспен, жинақтарымыздың жай-күйі туралы деректерді пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бір орнында тұрмайды. Бүгінде адамдар өмір ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиі көшіп-қонатын болған.

Сол үшін де көпшілігіміздің мұндай конвертті көрмегенімізге бірнеше жылдың жүзі болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.  

БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша ішіне үзінді-көшірме салынған конверттерді жыл сайын жібереді. Бірақ, өкінішке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен кері оралады. 

Заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей жылжымайтын мүлікке құқықты (меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын) міндетті мемлекеттік тіркеуден өткізіңіз