рисунок

 

Достық үйі директоры Г.Ғ.Кощанова.

2011 жылдың желтоқсан айында  Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты Достық үйі  меймандос есігін айқара ашқан болатын. Ол  аудан орталығының  сәулеттік келбетін көріктендірумен бірге жұрт тамашалап, сүйсінетін ғимаратқа  айналды. Оның ашылу салтанатында БҚО әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұқамбетов  қатысты.

Достық үйінде 180 орындық көрермен  залы, директор кабинеті мен  шығармашылық қызметкерлері бөлмесі және ұлттық киімдер қоймасы бар.
Зал осы заманға акустика, дыбыс және жарық аппаратураларымен жабдықталған. Этномәдени бірлестіктер негізінде  5 /қазақ,орыс,украин,белорус,татар/орталық, 2 вокалдық / Теректиночка,Гүлім-ай/топтар  өз мүдделеріне байланысты  қызмет етеді.
Достық үйі қызметкерлері  іс-шараларға белсенді қатысып, ұлтаралаық және конфессиялық ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосуда. 
Достық үйінің   негізгі міндеттері: облыс көлеміндегі  этномәдени бірлестіктерімен шығармашылық байланысты орнату бойынша жұмыс ұйымдастыру, бұқаралық халық мерекелерін, серуендерін, фестивальдерді, концерттерді дайындап және өткізу.
Достық үйінде  Нұргүл Темралиева, Любовь Локтионова, Мұхтар Абуғалиев сияқты аудандық  шығармашылық ортада танымал мамандар  және Николай Сунцов,Юра Новик ,Насенов Бекет сынды жас мамандар жұмыс істейді. 
Достық үйі мен аудандық жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі бірлесіп жұмыс істеуде. Бірлескен көптеген шаралар өткізілді, бұлар ең алдымен жастар ортасында толеранттық тәртіпті қалыптастыруды, жас ұрпақты ұлтаралық келісім және бірлік рухында тәрбиелеуді, қазақстандық патриотизмді насихаттауды мақсат етеді.

Достық үйі ашылғаннан бері ресми мемлекеттік шараларды, форумдарды, кеңестерді, кездесулерді, конференцияларды, концерттерді өткізетін орынға айналды. Сондай-ақ Достық үйі негізінде Наурыз, Қазақстан халқы бірлігі, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, Қазақстан тәуелсіздігінің күні сияқты мерекелерге арналған салтанатты шаралар мен халық серуендерін өткізу игі әдстүрге айналдыруды мақсат етіп отыр. 
Достық үйі әр жастағы адамдарға саналуан шараларды ұсынып, толыққанды мәдени өмірді бастан кешуде.Достық үйі - шаралар өткізетін орын ғана емес, сонымен бірге сонда күн сайын әртүрлі ұлттар мен мәдениет өкілдері жұмыс істейтін құтты мекені, ол -көпұлтты  Теректі ауданындағы достық, бірлік пен бейбітшілік символы деп айтуға болады.

рисунок

 рисунок

 рисунок