Бюджет

2018 жылы аудан бюджеті 6 млрд. 871 млн. 361 мың теңге көлемінде бекітілді. Жыл бойына бюджет көлемі толықтырылып, жыл соңында 8 млрд. 555 млн. 118 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 682 млн. 788 мың теңге және облыстық бюджеттен бөлінген 679 млн. 022 мың теңге мақсатты трансферттер мен бюджеттік несиелер игерілді, немесе 99,7%.

Өз кірістері 108,2 пайызға орындалып, 1 млрд. 403 млн. 831,8 мың теңгені құрады. Салық түсімдері жоспарының орындалуы 108,6%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6 млрд. 724,7 млн. теңге, немесе 128,7%.

 

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5 млрд. 056,0 млн. теңгені құрап, нақты көлемінің индексі бойынша 2017 жылмен салыстырғанда 19,4% артық.

 

Жер қатынастары

Теректі ауданының жалпы көлемі 796 757 га.

Жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер көлемі 487 668 га, мемлекеттік босалқы жер қоры - 152 378 га, елді мекен жерлері - 84 529 га.

Жалпы ауданы 22 244 гектар болатын 34 жер телімі ауданның арнайы қорына қайтарылды. 71 қожалыққа 44016 мың га жерді пайдалануға берілді.

Мемлекеттік бюджетке 2454,0 мың теңге көлемінде ауылшаруашылық шығыны өтелді.

50 шаруа қожалығы 30533 гектар жер учаскелерімен қамтамасыз етілді. 300 жалға алу келісім шарты жасалды.

Конкурстық негізде жалпы көлемі 13 488 га 21 жер учаскесі берілді.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13 млрд. 802,5 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын 503 ауыл шаруашылығы құрылымы тіркелді.

 

Өсімдік шаруашылығы

Егін егу науқанына 75 ауылшаруашылық құрылымы қатысты. Аудан бойынша егіс көлемі 133,981 мың га, немесе 109%.

Шаруалар 5,4 ц/га орташа өнімділікпен 62030 гектардан 33 624 тонна дәнді дақылдар жинады.

Орташа өнімділігі 7,1 ц/га 9 781 тонна майлы дақылдар жиналды.

Күзгі дәнді дақылдар 16789,7 га жерге егілді.

Барлығы өсімдік шаруашылығына 15 млн. 245 мың 923 теңге субсидия төленді.

Шаруа қожалықтарына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған бағамен 141 теңгеден 2700 тонна және егін жинау жұмыстарына 156 теңгеден 2000 тонна жанар-жағар май үлестірілді.

5450 тонна картоп, 6620 тонна көкөніс және 2060 тонна бақша дақылдары жиналды.

 «Қолдау» порталында жоспарланған 122,775 мың га жерден 79 шаруа қожалықтары жалпы аумағы 124, 533 мың га немесе 101,4%, 478 жер алқаптарын тіркеді.

Жоспарланған 261,9 мың га жайылым жерден 136,5 мың га немесе 62,9%, 15,3 мың га шабындық жерден 16,7 мың га немесе 109,6% және 227 га көпжылдық егістік жерден 125 га немесе 55,1% енгізілді.

Дайындалған мал азығының көлемі 123,5 мың тонна.

 

Мал шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы мал басының өсімі байқалуда: ірі қара мал басы 105,4% (соның ішінде сиыр - 102,8%), қой мен ешкі – 103,6%, жылқы  - 103,5%, шошқа – 102,1%, құс  - 100,5%.

Асыл тұқымды ірі қара мал басы саны - 7641 бас (соның ішінде сүт бағыттағы – 1029 бас, етті бағыттағы – 6612 бас). 3 шаруашылық 391 бас Көшім асыл тұқымды жылқысын өсіруге ден қойған. Ауданның шаруа қожалықтарымен асыл тұқымды 653 бас ірі қара мал, 81 бас ұсақ мал және 29 бас жылқы сатып алынды.

10108 аналық ірі қара мал басы асылдандыру процесіне қосылды. Тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 177 млн. 432 мың теңге субсидия төленді.

Асыл тұқымды  бұқашықтарды сатып алу үшін 85 млн. 600 мың теңге, өнімдерді сату үшін 47 млн. теңге субсидиялар төленді.

Жалпы мал шаруашылығы саласында 310 млн. теңге субсидия төленді.

17 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері жұмыс жасауда.

Барлық шаруашылықтармен 29665,4 тонна сүт, 6061,8 тонна ет, 5693,7 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Ветеринариялық алдын алу шаралары бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуда. Жоспар 100 пайызға орындалды.

 

Кәсіпкерлік

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікпен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 365,4 млн. теңге сомаға 96 несие берілді.

«Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 60 млн. теңге сомаға 1 несие берілді. «Батыс Финанс» шағын несие ұйымы арқылы 3 кәсіпкерге жалпы 10 млн. теңге несие берілді.

Аудан бойынша 100 кәсіпкерге жалпы сомасы 435,4 млн. теңгеге несие берілді.

2 кәсіпкері өз жобаларын іске асыру үшін жалпы сомасы 3 млн. теңгеге грант ұтып алды.

«Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша 224 тыңдаушы оқытылды, соның ішінде 74 кәсіпкерге өз істерін дамыту үшін несие берілді.

Шағын және орта бизнес саласында 1384 субъект қызмет етеді.

Ауданның шағын бизнес субъектілері 17 млрд. 945,4 млн. теңгенің өнімдерін өндірді.

Бөлшек сауда көлемі 1 млрд. 607,6 млн. теңгені құрады.

Тұрғындарды арзандатылған өніммен қамту мақсатында және жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын сату үшін ауылшаруашылық мерекелік 26 жәрмеңке ұйымдастырылды.

 

Жилищно-коммунальное хозяйство и строительство

Водообеспечение

На сегодняшний день 18 населенных пунктов района получили доступ к централизованному водоснабжению.

Ведутся строительно-монтажные работы по реконструкции водопроводов сел Жана Омир и Узунколь.

Выделены денежные средства на реконструкцию водопроводов сел Богдановка,  Приречное и на строительство водопроводов сел Яик и Юбилейное.

Ведутся проектные работы по водоснабжению 290 участков села Токпай. Объявлены конкурсы по изготовлению проектно-сметной документации на водоснабжение сел Подстепное, Улкен Енбек, Социализм и Пойма.

 

Газификация

По району 33 села газифицировано, а это 63%. Подключено 7205 домов, что составляет 86,1%.

Начаты работы по строительству подводящего газопровода к селам Богдановка, Придорожное, Приречное, Донецк, Алгабас, Сарсеново и Шоптыкуль.

Получены положительные заключения государственных экспертиз по проектно-сметным документациям газоснабжения 12 сел.

 

Строительство жилья

Завершилось строительство 16 арендных жилых домов.

По программе «Нұрлы жер» началось строительство трехэтажных домов в селах Акжаик и Федоровка.

Получены результаты экспертизы на разработанные проекты 8 многоквартирных домов в селах Акжаик, Жана Омир, Подстепное и Федоровка.

Объявлен конкурс на проведение строительно-монтажных работ 20 шестиквартирных домов в селе Токпай в рамках пилотного проекта по строительству индивидуального жилья в едином архитектурном стиле через единого застройщика.

Очередность на арендное жилье составляет 707 человек.

 

Очередность на ИЖС

Объем инвестиций в жилищное строительство составил 1 млрд. 525,3 млн.тенге. В индивидуальном жилищном секторе собственниками введено 16 093 квадратных метров жилья.

Очередность по району для индивидуального жилищного строительства составляет 9791 человек.

По программе «Нұрлы жол» завершены работы по строительству инженерно-коммуникационной инфраструктуры в селах Акжаик, Жана Омир, Токпай и Юбилейное. Начаты работы по выдаче 873 земельных участков под индивидуальное жилищное строительство.

Получены положительные результаты экспертиз по проектам строительства водоснабжения, газоснабжения и электроснабжения 528 земельных участков села Федоровка.

 

Содержание и ремонт автомобильных дорог

Протяженность автомобильных дорог составляет 287,8 км.

В 2018 году на текущий  ремонт и содержание автомобильных дорог районного значения из местного бюджета выделено 29 млн. тенге.

Ведется реконструкция автомобильной дороги от республиканской трассы до ст. Алгабас.

Проводится средний ремонт автодороги Федоровка-Аксай, протяженностью 28 км на сумму 1,4 млрд.тенге.

Начаты работы по капитальному ремонту дорог по улицам Юбилейная и Горького в районном центре.

Будет проведен капитальный ремонт подъездной дороги к селу Аксуат. Для этих целей из вышестоящего бюджета  выделено средства в размере 233,3 млн. тенге.

Выделены средства на капитальный ремонт дороги по улице Абылай хана села Подстепное.

Методом холодного ресайклинга будет отремонтировано 7 км. подъездной дороги к санаторию Акжаик.

Разработанные проекты по капитальному ремонту дорог улиц Рабочая, Абая, Молодежная, Центральная, Достык в селе Федоровка, улицы Акжаик села Акжаик, улицы Төле би села Подстепное ожидают выделения денежных средств.

В целях обеспечения безопасности дорожного движения установлен светофор на пересечении улиц Бейбитшилик и Абая в с. Федоровка.

 

Благоустройство

В рамках благоустройства населенных пунктов проложены пешеходные дорожки по улицам Колхозная, Трудовая, Целинная, Северная в селе Федоровка, общей протяженностью 1740 м.

Проложены пешеходные дорожки вдоль центральных улиц села Подстепное, перед школой в селе Юбилейное и на центральной улице в селе Приречное.

Дополнительно установлено 80 контейнеров для сбора ТБО и 11 контейнеров для сбора ПЭТ бутылок.

С целью озеленения населенных пунктов в целом высажено 2072 саженца лиственных и хвойных пород деревьев.

 

Әлеуметтік саласы

Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдар саны 1601 құрады (351 отбасы).

Атаулы әлеуметтік көмекке 78 млн. 703,0 мың теңге бөлінді. Шартты ақшалай көмек 298 отбасыға 61 млн. 895,8 мың теңге, шартсыз ақшалай көмек 49 отбасыға 16 млн. 807,2 мың теңге көрсетілді.

Есепті жыл ішінде жұмыссыз ретінде 439 адам тіркелді.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1438 адам жұмысқа орналастырылды, 208 адам қайта даярлау курстарында оқытылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 17 жұмыс берушімен келісімшарт жасалып, 77 адам жұмысқа қабылданды. Жастар тәжірбиесінен 105 адам өтті. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 525 адам тартылды.

834 жаңа жұмыс орны ашылды.

71 жас маманға 12 млн. 626,3 мың теңге біржолғы көтерме ақысы төленіп, 31 маманға 107 млн. 962,0 мың теңге көлемінде тұрғын үйді сатып алу немесе құрылыс үшін бюджеттік несиелер ұсынылды.

Азаматтардың жекелеген санаттарына жататын 1868 адамға 44 млн. 994,0 мың теңге қаражат төленді.

78 отбасыға 2 млн. 279,6 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді.

 

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдау шаралары

Аудан бойынша 270 адамға 76 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

172 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тіршілік әрекеттеріне қажетті арнайы құралдар ұсынылды, 61 адам емделу үшін «Ақжайық» шипажайына жолданды, 27 адам жұмысқа орналастырылды.

Үйде оқытылатын 24 мүгедек балаларға 1 млн. 597,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

 

Білім беру

Білім беру саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 067 млн. теңге бөлінді.

Ауданда 11 мемлекеттік балабақша және 25 мектеп жанындағы шағын орталықтар қызмет атқарады. Бұл ұйымдарда жалпы 1406 бүлдіршін тәрбие-білім алуда. Кезекте 847 бала тұр.

4 жеке балабақшада қосымша 390 орын ашылды.

38 жалпы орта білім беру мектебінде 6093 оқушы білім алуда.

2017-2018 оқу жылын 5928 оқушы аяқтады, олардың 1297 үздік, 2062 екпінді, 28 мектеп түлегі «Алтын белгі» және 19 түлек үздік аттестат иегері атанды.

10 мектебінде ата-аналар және педагогтармен оқушылардың арасын жақын байланыстыруға электрондық «Күнделік» және бірыңғай ақпараттық жүйесі ықпал етуде. Барлық 38 мектеп «Bilim Lаnd» білім беру порталын қолданады. 26 ауылдық мектеп «Bilim book» жеке оқу планшеттерімен жабдықталды.

№1 Федоров жалпы білім беретін мектебі базасында робототехника,

3-D модельдеу, бағдарламалаудың негіздерін терең зерттеу мақсатына ІТ-класс ашу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Биылғы жылы 5 мектепте ІТ-сыныптарын ашу жоспарлануда.

Ауданда 3 шығармашылық бірлестігіне 6-18 жастағы 1952 бала қатысып жүр.

Жазғы кезеңде 35 мектеп жанындағы лагерлер жұмыс жасады. Жазғы демалыспен 5050 оқушы қамтылды, ол 90,4%-ды құрайды. Аз қамтылған отбасылардан 1233 бала, 45 жетім және 396 мүмкіндігі шектеулі балалар жазғы демалысқа барып келді. 2 бала Италия елінде демалып қайтты. Еліміздің Астанасының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында аз қамтылған отбасылардан 100 балаға Астана қаласына 3 күндік экскурсия ұйымдастырылды.

Подстепное қазақ, №1 Подстепное, Ұзынкөл, Абай, Донецк, Долин, Богдановка, Талпын мектептерінде және лингвистикалық гимназияның интернат ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сарыөмір ауылында бір маусымда 48 бала демалатын сауықтыру лагерін салу жұмыстары жалғасуда.  

Ақсуат және Чапаев атындағы орта мектептеріне күрделі жөндеу жобалары жасақталып, қаражат бөлінуі күтілуде.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында Аңқаты, Ақжайық, Шаған, Покатиловка, Подстепное қазақ және Ы.Алтынсарин мектептері жанында спорттық алаңдар салынатын болады.

Донецк мектебі негізінде балалар-жастар туристтік базасын ашу жоспарлануда.

 

Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын 46 мекемеде дәрігерлер саны – 46, орта буын қызметкерлері - 249 адамды құрайды.

Екі ауруханада жатын орындары 105 орынды құрайды. Стационарда 1800 науқас емделді.

Есептік жылда 625 сәби дүниеге келді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 339-дан 325-ге дейін төмендеді. Табиғи өсудің жалпы көрсеткіші 7,6-ны құрады.

Қабылданған шаралардың арқасында қан айналымы жүйесінің аурулары мен қатерлі аурулардан болатын өлім фактілері азайды.

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру шеңберінде аудандағы барлық медициналық мекемелер құжатсыз жұмыс істеуге ауысты. Электрондық денсаулық құжаты 100 пайыз электрондық нұсқаға айналдырылды.

Аудандық орталық ауруханасының 6 нысанына 62,6 млн. теңге қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық ауруханасының 6 нысаны сараптамадан өту сатысында.

 

Мәдениет және спорт

Есепті жыл ішінде мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, шығармашылық іс-шаралар мен кітапханалық жұмыстарды дамытуға 98 млн. 203,0 мың теңге бөлінді.

«Шалқар толқыны» республикалық әндер байқауында  «Үш қоңыр» триосы жеңімпаз атанды.

Подстепное ауылы модульдық кітапханасының негізінде «Сoworking-орталығы» ашылды.

Ағымдағы жылы аудандық кітапханасы негізінде осындай «Сoworking-орталығын» ашу жоспарлануда.

Тұрғындарды жүйелі дене шынықтыру мәдениетімен және спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 88 спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Спорттың дамуына аудандық бюджеттен 55 млн. 071,0 мың теңге бөлінді. Дәстүрлі түрде ауданымызда ұлдар және қыздар арасында ұлттық спорт түрлері, жеңіл атлетика, шағын-футбол, баскетбол және волейбол, үстел теннисінен турнирлер өтеді.

Жазғы мезгілде «Іс үшін» қоғамдық бірлестігі шағын футбол лигасы ұйымдастырылып, аудан бойынша 16 жастар командасы қатысты. 1 орынды Подстепное ауылдық округінің командасы иеленді.

Аудан бойынша мәдениет және спорт нысандарының жай-күйі қаңағаттанарлық.

Жаңа Өмір ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

 

Қоғамдық-саяси ахуал

Ауданда «Нұр Отан» партиясының филиалы және 6 этно-мәдени орталық, 11 мемлекеттік емес ұйым және 6 діни бірлестік нысаны тіркеліп, жұмыс жасауда.

Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, аудандық қоғамдық келісім кеңесі мен қоғамдастық кеңесі, ақсақалдар кеңесі, әйелдер және әкелер кеңестері мақсатты жұмыс атқаруда.

Аудан бойынша 19 медиатор тіркелген, соның ішінде біреуі кәсіби. Батыс Қазақстан облыстық медиаторлар байқауында Подстепное ауылындағы медиация кабинеті үздік деп танылды.

Үкіметтік емес ұйымдармен жалпы сомасы 9975,0 млн. теңгеге 7 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды. Теледидар мен бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жарықтандыру бойынша 2 жоба іске асырылды.

 

«Рухани жаңғыру»

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында 300-ден аса шара өткізілді.

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында жеке инвестициялар есебінен 17 млн. 100 мың теңгеге 15 жоба іске асырылды.

2018 жылы Ақжайық өңірінің ұлы жазушысы Есенжанов Хамза Ықсанұлының 110-жылдық мерейтойы өздырылды. Мерейтой аясында Подстепное  ауылындағы саябақта Хамза Ықсанұлының атын мәңгі сақтау мақсатында мүсін орнатылды. Сарыөмір ауылындағы мәдениет үйінде Х.Есенжанов атындағы кабинет ашылды. Аудан тұрғындарының ұсынысымен 4 көшеге Хамза Ықсанұлының аты берілді. Сарыөмір ауылында «Арманың үндес еді Ақжайықпен» салтанатты шарасы ұйымдастырылды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында көптеген танымал табиғи және тарихи ескерткіштерді қолжетімді етіп, танымдық туристтік маршруттар жасақтау жоспарлануда.

Долин ауылдық округінің аумағында демеушілік қаражат есебінен «Алтын ханшайым» кесенесі тұрғызылып, ауданның кластеріне айналуда.

 

Қоғамдық тәртіп

Жыл қорытындысы бойынша 355 қылмыстық іс тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда 68 фактіге немесе 18 пайызға азайып отыр. Қылмыстық істерді ашу деңгейі 72,3 пайызды құрап отыр.

Анықталған әкімшілік бұзушылықтар саны 2316. Қоғамда тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша 1598 әкімшілік құқықбұзушылық фактілері анықталды. 9 131 783,5 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

Жол жүру ережелерін бұзу фактілері 27-ден 18-ге азайып отыр.

Мал ұрлығы саны 71 ден 43-ке азайып отыр.

 

Цифрландыру

15 ауылдық округтер мен 4 аудандық дербес бөлімінде «Өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» ашылды.

Цифрлық сауаттылық курстарында 300 адам оқытылды.

Аудан тұрғындары «К врачу» және «Электронды еңбек биржасы» мобильді қосымшаларын белсенді пайдаланады.

«Смарт Теректі» мобильді қосымшасы ашылды.