рисунок

рисунок

Бүгін аудандық Достық үйінде облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органының отырысы өтті.

рисунок

Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесімен құттықтаймын!

Елдігіміздің нышаны, береке-бірлік ұйытқысы, абыроймыздың айғағы болған Елордамыз бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды. Астанамызға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріліп, Нұр-Сұлтан атанғаны мерейімізді тасытты.

Уважаемые теректинцы!

Являясь инициатором идеи основания столицы, лидер Нации Н.А.Назарбаев заложил в образе Нұр-Сұлтан глубокий политический и духовный смысл, создав уникальный евразийский феномен. Наша столица стала узнаваемой в плеяде мировых столиц мира. Сегодня Нұр-Сұлтан – центр всей экономической и культурной жизни Казахстана и с каждым годом укрепляет статус евразийского центра делового и политического сотрудничества с мировым сообществом.

Ардақты ағайын! Қазақстан бас қаласы – Нұр-Сұлтанның туған күнін жаңа жетістіктер, тың күш, шалқар шабытпен қарсы алып отыр. Жыл өткен сайын мәртебесі асып, салтанаты шалқыған еліміздің барша халқын осы мерекемен құттықтаймын.Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов

 

28 06 19 news 1

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Бұқаралық ақпарат құралдары – билiк пен халықтың арасындағы алтын көпiр. Атқарушы билiк тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатырғанын халық баспасөз арқылы газет-журнал, теледидардан бiлiп отырады.

Өз ісіне адалдықпен, азаматтық көзқараспен қарап, жаңашылдыққа ұмтылып, сергектік танытып мазасыз және маңызды жұмысыңызды атқара жүріп, қайнаған ортадан табыласыз. Қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде тынбай жүресіздер. Сіздің жұмысыңыз – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін іс.

Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.

Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

Зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!

Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

рисунок

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз келді.

«Әз болмай, мәз болмас» деген халық нақылының тамыры тереңде. Күн мен түн теңескен, мал аузы көкке, адам аузы аққа іліккен осы күнді ата-баба «Жаңа күн келді» деп қуана қарсы алған. Ғасырлар жылжып, қилы заман өтсе де, бабаларымыз ұлы күнге балаған Наурызды тойлау - ескірмес дәстүр.

Дорогие теректинцы!

Наурыз – это не только праздник встречи Нового года по древнему обычаю. Это праздник обновления, пробуждения. В этот день, когда природа радуется весеннему теплу, пусть радость жизни войдет и в ваши сердца.

Мир Вашему дому! Здоровья, счастья, благополучия, верных друзей, крепких семей, успехов в труде и весеннего настроения!

Ардақты ағайын!

Әр күнін еліміздің гүлденуіне жұмсаған жерлестерімнің қадамына, әр ісіне табыс тілеймін. Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, көңіліңіз мейірімділік пен шапағатқа толы болсын! Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Әр үйге молшылық, бақыт, береке тілеймін! Жылдан-жылға аман-есен жетейік!

Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!