Құрметті Теректі ауданы әкімдігінің ресми сайтына келушілер!


Zholamanov 

Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысы көлемінде танымал, мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын ірі аудан.

Теректі ауданы - соғыс батырлары мен  атақты еңбеккерлердің, мәдениет және қоғамдық қайраткерлердің отаны.

Ауданда ет бағытындағы ірі қара мал - қазақтың ақбас сиыры мен сүт бағытындағы асыл тұқымды  голштинофриз сиырларын, көшім жылқысын өсіреді.

Біздің сайтымызға келушілер ауданымыздың тарихымен танысып, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы білуге, өзін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, алынған шешімдерге ұсыныстарын енгізуге жағдай жасалып отыр.

Біздің сайт ашқандағы мақсатымыз - «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік органдардың нәтижелі қызмет жасауын қамтамасыз ету. Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.

Біз Батыс Қазақстан облысының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым-қатынас жасауға әзірміз!

 

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Құрметпен,

Теректі ауданының әкімі

Жоламанов Әділ Тауфикұлы


 

News


Құрметті теректіліктер!

2018-12-29

09 01 19 news 1

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! 

Жаңа жыл қуанышпен асыға күтетін, жаңа мақсат-міндеттер белгілейтін, алдағы күннен үміт күттіретін мереке. 

Санаулы күннен соң аяқталатын 2018 жыл біз үшін елеулі жетістіктер мен толағай табыстарға толы болды. Жол салынды. Таза ауыз су жеткізілді. Аудан орталығында, Ақжайық ауылында үлкен тұрғын үй құрылысы басталды. Мал бордақылау кешені, жылыжай, көкөніс қоймасы іске қосылды. Тек өндіріс пен шаруашылықта ғана емес, мәдениет, өнер, білім саласында да жетістік-жеңістеріміз мол. Халық жырауы Марабай, Ақжайықтың Хамзасын әспеттеп, мүсіндерін орнаттық. Тізе берсек, жақсылықтар жетерлік. 

Уважаемые земляки!

Оглядываясь на уходящий год, следует отметить, что год был успешным. Все наши достижения стали возможны благодаря упорному труду всех теректинцев, миру и согласию в нашем общем доме и уверенности в своих силах. Многое еще предстоит сделать, но мы обязательно добьемся воплощения в жизнь всех задач, поставленных перед нами Елбасы Нурсултаном Назарбаевым. Для этого у нас есть все необходимое, а главное – желание жить лучше и видеть свою страну процветающей.

Қадірлі ағайын!

Алдағы жылы да ел игілігі, халықтың әл-ауқаты артуы үшін атқаратын істер көп. 2019 жыл да нәтижелі істер мен өміршең жобаларға толы болады деген сенімдемін.Келе жатқан жыл отбасыларыңызға ырыс-береке, қуаныш пен шаттық әкелсін.Жаңа жыл бейбітшілік пен ынтымақ, молшылық пен тоқшылық әкеліп, Теректі ауданы халқының мерейі арта берсін.
Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов


Құрметті теректіліктер!

2018-12-16

16 12 18 news 1

Баршаңызды еліміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

27 жыл ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын көтеруде үлкен  жетістіктерге жетті. Тұрақтылық пен қоғамдағы өзара келісім, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған саясат ғаламдық деңгейде ел беделін өсірді.

Бүгінгі Қазақстан –кемелденген, қуатты мемлекет!

Біз, қазақстандықтар, Елбасының бағдарламалық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру үстінде тарихы тоғысқан халыққа айналдық. Ынтымақ пен бірлік салтанат құрған, ырысы мол елде тату-тәтті ғұмыр кешудеміз.

Осының бәріне Елбасының көреген саясаты мен еңбекқор халықтың арқасында қол жеткіздік.

Дорогие земляки!

Примите мои искренние поздравления с Днем Независимости Республики Казахстан!

Этот праздник по праву считается символом свободы и могущества нашего государства. С момента обретения независимости наш народ блестяще продолжил великую историю Казахстана новыми достижениями и успешными преобразованиями.

Ардақты ағайын!

Егемен еліміздің көкбайрағы биікте самғап, абыройы мен атақ-даңқы арта берсін! Ел өркендеуі жолында атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыс, баршаңызға  баянды бақыт, құт-береке тілеймін.

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов


Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

2018-12-06

10 12 18 news 4

Еліміздегі тұрақтылық пен азаматтардың қалыпты өмір сүруі көбінесе прокурорлар жұмысының тиідмділігіне байланысты. Тәуелсіз еліміздің прокуратурасы қалыптасып, Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді абыроймен атқарып отыр. Прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Read more ...


Read all news ...