Автомобиль жолдары

Қазіргі таңда аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау бойынша 22.05.2018 жылғы қорытынды хаттамасына сәйкес "Барбастау-Ақжайық-Индербор" жолдар бағыты бойынша конкурс жеңімпазы болып  ШҚ "Надежда" анықталды.  06.06.2018 жылы №66  келісімшарт жасалды, суммасы 5 600,0 мың. тг. Ал "Шымкент-Самара, Аңқаты-Сарыөмір" автожолының бағыты бойынша конкурс жеңімпазы болып  ЖК "Таза Ауыл" анықталды. 06.06.2018 жылы №70  келісімшарт жасалды, суммасы 4 350,0 мың. тг. Жұмыстар жыл соңына дейін жалғасуда.

 Бүгінгі таңда  ведомстводан тыс сараптамадан өткен ауылішілік жолдар бойынша Федоровка ауылындағы Горький және Юбилейный көшесін күрделі жөндеуге мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша "ТЖС" (ТҮРКІСТАН ЖОЛСЕРВИС) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жеңімпазы анықталды.

2018 жылға екі нысан бойынша күрделі жөндеу жүргізуге жергілікті бюджеттен – 73,483 млн.тг бөлінді.

Юбилейная көшесі жолын күрделі жөндеу

Нысан өтпелі. Жол ұзындығы – 970,20 м, ені-6 м.

2018 жылдың қазан айында  орындау бойынша аяқталды -73%.

2019 жылдың I- ші жартыжылдығы ішінде  құрылыс нысанының  27%  орындауды қамтамасыз ету (Тротуар құрылғысы, жол белгілерін орнату, жүру бөлігін белгілеу жұмыстарын т.б. аяқтау). Құрылыс-монтаж жұмыстарының ұзақтығы Юбилейный көшесі бойынша – 5 ай.

Горькая көшесі жолын күрделі жөндеу

Нысан өтпелі. Жол ұзындығы-1474,24 м, ені-6 м.

2018 жылдың қазан айында орындау бойынша аяқталды -2,4% (90 м жол күрделі жөндеу).

2019 жылдың I- ші жартыжылдығы ішінде  құрылыс нысанының  97,6% (1334,24  м жол жөндеу) орындауды қамтамасыз ету (Грунтты тегістеу, саны 2 дана су өткізгіш құбырды демонтаждау,саны 10 дана құдық аузын көтеру, жер жұмыстары, жол жамылғылары қосындысы, асфальт төсеу, жол жиегін нығайту жұмыстары, тротуар құрылғысы, жол белгілерін орнату, тротуар құрылғысы, жол белгілерін орнату, жүру бөлігін белгілеу жұмыстарын т.б. аяқтау). Құрылыс-монтаж жұмыстарының ұзақтығы Горький көшесі бойынша- 5,6 ай мерзім.

Ақсуат ауылының 2,5 км кіреберіс жолына бюджеттен қаражат бөліну қарастырылуда.

Ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу бойынша жұмыс жобалары ведомстводан тыс сараптамадан өткен Ақжайық ауылындағы Ақжайық көшесі, Подстепное ауылындағы №17 көшесі, Федоровка ауылындағы Абай, Центральная, Рабочая, Молодежная көшелері бойынша ауылішілік көшелерін құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қаражат бөлу жөнінде хат жолданды.

Ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу бойынша Федоровка ауылындағы Достық к-сі және Подстепное ауылындағы Подстепное №48 көшесіне  ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынып, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаражат бөліну жөнінде хат жолданды.

"Подстепное-Федоровка-Ресей федерациясының шекарасынан" бастап Алғабас станциясына дейін автожолдын учаскесін қайта жаңарту жобасына мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша "ТЖС" (ТҮРКІСТАН ЖОЛСЕРВИС) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының ұзақтығы 12 ай мерзім. Жолдың ұзындығы 19,3639 км,  ені 6 м.

Нысан өтпелі. 

2018 жылдың қазан айында  орындау бойынша аяқталды -44%.

2019 жылдың  II жартыжылдығына дейін құрылыс нысанын  56%  орындауды қажет етеді. (7,2 км асфальтбетон жамылғысы, бір су өткізгіш құбыр, жол жиегіндегі нығайту жұмыстары, шөп егу қайта қалпына келтіру т.б.жұмыстарын аяқтау).

Абаттандыру 

Теректі ауданы Федоровка ауылы Колхозная, Трудовая,Северная және Целинная көшелеріндегі жалпы  ұзындығы 1740 м болатын жаяу жүргіншілер жолына құрылғысы жұмыстар бойынша жеңімпаз болып "КаНур Строй Сервис" анықталды. 04.06.2018 жылы №71 келісімшарт жасалды, суммасы 19 712,00 мың. тг. Қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталды.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі       

БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылындағы Бейбітшілік және Абай көшелеріндегі бағдаршам құрылысы бойынша жұмыстар 18.05.2018 жылы толығымен аяқталып, жұмыс режиміне қосылды.

2018 жылға Подстепное селолық округіндегі бағдаршамның ұсталуына – 187500 теңге қаражат бөлініп, «Уралтех» ЖШС-мен келісім шарт жасалып қаражат жоспарға сәйкес игеріледі.