Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:

1) жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Ресцубликасы Энергетика министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 969 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 969 қаулысымен.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (docx, 52 Kb)

Бекітемін

Батыс Қазақстан облысының әкімі

_____________ Н.А.Ноғаев

2013 жылғы «   » қыркүйек

 

Р/с №

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

 

Орындау мерзімі

Облыс әкімі аппаратында бақылауға жауаптылар

 

1

2

3

4

5

6

 

1.     Нормативтік-құқықтық, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету

 

«Жасыл экономиканың» нормативтік-құқықтық базасы (оның ішінде, мемлекеттік және салалық бағдарламалар)

1

2

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес келтіру

ЭБЖМ-ге ақпарат

ЭБЖБ (жинақтау),

облыстық басқармалар, Орал қаласы мен аудандар әкімдері

2014 жылғы 20 наурыз

Н.Сластина

2

4

Аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларына Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шараларды енгізу

Қоршағанортами

ніне ақпарат

ТРТПРБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

2013 жылғы 20 қараша

Р.Коняев

 

Институционалдық қамтамасыз ету

3

8

Экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және басқаларын қамтитын өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішін құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қоршағанортами

ніне ақпарат

ТРТПРБ (жинақтау), ЭБЖБ, ДСБ, ҚұБ, Орал қаласы және аудандар  әкімдері

 

2014 жылғы 20 наурыз

Р.Коняев

 

 «Жасыл экономикаға» көшуді кадрлық қамтамасыз ету

4

11

2020 жылға дейін өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде  өнеркәсіптік кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттілікті  бес өндірістік кластерде айқындау

Қоршағанортами

ніне ақпарат

ТРТПРБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

2013 -2020 жылдар

1 желтоқсан

Р.Коняев

5

18

«Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберінде «жасыл экономика» мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖҚҮӘББ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

 

2014 жылғы 1 қараша

С.Әлмұханова

 

Ақпараттық қолдау

6

21

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысын ақпараттық жариялау жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту бойынша ұсыныстар енгізу

Қоршағанортами

ніне ұсыныстар

ТРТПРБ

2013 жылғы 20 қараша

Р.Коняев

 

2. Су ресурстарын орнықты пайдалану шаралары

 

Суды пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар

7

23

Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға жеке және жалпыүйлік су тұтынуды есептеу аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шаралар қабылдау

ӨДМ-не ақпарат

ЭТКШБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

2013 жылғы 20 қараша

Р.Коняев

 

3. Орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар

 

Ауыл шаруашылығында су ресурстарын үнемдеу жөніндегі шаралар

8

30

Жылыжай өндірісі нарығының нақтыланған көлемі бойынша ұсыныстар енгізу

АШМ-не ұсыныстар

АШБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

 

 

2013 жылғы 20 қараша

 

Қ.Есімов

 

9

32

 

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру әлеуетін бағалау

АШМ-не ұсыныстар

АШБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

 

 

2013 жылғы 20 қараша

 

Қ.Есімов

 

 

Қаржыландыру көздеріне қолжетімділікті оңтайландыру жөніндегі шаралар

10

35

Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау тетігін қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізу (оның ішінде өнімділікті арттыру, жердің тозуын қысқарту және қалпына келтіру) мысалы, жерді нөлдік өңдеуге арналған техниканы, тамшылатып суаруға арналған жабдықтар мен инфрақұрылымды пайдалану, энергия үнемдейтін көлік құралдары мен жабдықтарды қолдану, фермерлердің көлік шығындарын қысқарту үшін, тауарлы балық өсіру үшін жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ұсыныстар беру

АШМ-не ұсыныстар

АШБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

 

 

2013 жылғы 20 қараша

 

Қ.Есімов

 

 

Шарттық негізде шаруашылық жүргізетін фермалар құру үшін инвесторлар тарту жөніндегі іс-шаралар

11

36

Әлеуетті инвесторлар үшін көшпелі тұсаукесер шараларын (роуд-шоу) жүргізуді қоса алғанда, шарттық негізде шаруашылық жүргізетін фермалар құру үшін шетелдік инвестиялар тарту бойынша ұсыныстар енгізу 

АШМ-не ұсыныстар

АШБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

 

2013 жылғы 20 қараша

 

Қ.Есімов

 

 

«Жасыл» ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгізу

12

 

37

Қазақстан Республикасының «жасыл  экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада, салалық бағдарламалық құжаттарда және аумақтарды дамыту бағдарламаларында  көзделген «Жасыл ауыл шаруашылығының алты қағидатын» көрсету тетігі бойынша ұсыныстар енгізу    

АШМ-не ұсыныстар

АШБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

 

2013 жылғы 20 қараша

 

Қ.Есімов

 

 

4. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар

 

Тұрғын және коммерциялық ғимараттарда энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар

 

Тарифтер белгілеу және қаржылай қолдау көрсету арқылы ынталандыру жасау 

13

40

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін (мүгедектер, жалғыз басты қарт азаматтар және т.б.)   қолдау түрлерін жаңарту кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу

Қоршағанортами

ніне ұсыныстар

ЭТКШБ (жинақтау), ЖҚҮӘББ, Орал қаласы және аудандар  әкімдері

2014 жылғы 20 мамыр

Р.Коняев С.Әлмұханова

14

42

Ғимараттарда энергия тиімділігін іске асыру жөніндегі шараларды ынталандыру үшін облыс деңгейінде ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-не ұсыныстар

ЭТКШБ (жинақтау), ЭБЖБ, Орал қаласы және аудандар  әкімдері

2013 жылғы 20 қараша

Р.Коняев

 

Техникалық іс-шаралар

15

45

Барлық ғимараттарда және коммуналдық кәсіпорындарда энергоаудитті 2015 жылдың соңына дейін, одан әрі 5 жылда бір рет жүргізе отырып, облыстық деңгейдегі іс-шараларды, сондай-ақ субсидиялау жөніндегі ықтимал шараларды әзірлеу 

ӨДМ-ге ақпарат, ИЖТМ

ЭТКШБ (жинақтау), Орал қаласы және аудандар  әкімдері

2013 жылғы 20 қараша

Р.Коняев

16

48

Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мақсатында облыс қалаларын көшелік жарықтандырудың техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу

Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметіне

ақпарат

ЭТКШБ (жинақтау), Орал қаласы мен Бөрлі ауданының әкімдері

2014 жылғы 20 маусым

Р.Коняев

17

50

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының аясында салалық бағдарламаларға сәйкес коммерциялық және тұрғын үй ғимараттарындағы энергия тиімділігін арттыру саласындағы техникалық іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды көздеу, соның ішінде:

- қазандықтарға аудит жүргізу, оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу немесе ескірген және тиімсіз қазандықтарды ауыстыру;

- жылумен жабдықтау жүйесін кеңейту немесе оған  басқа да өзгерістер енгізу кезінде жылу мен электр энергиясын аралас өндірудің қолжетімді мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану;

- жылу желілерінің және үйішілік жүйелердің ескі құбырларын жаңа оқшауландырылған түрлерге ауыстыру; кіші диаметрлі құбырларды басым түрде ауыстыру; 

- есепке алу аспаптарын, автоматтандырылған жылыту пункттерін міндетті түрде орната және энергия сақтау жабдықтарын қолдана отырып, күрделі жөндеу жүргізу сәтінде ғимараттарды терможаңғырту;

- соңғы жылу оқшаулағыш стандарттарын сақтай отырып, жаңа ғимараттар салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне

ақпарат

ЭТКШБ (жинақтау), Орал қаласы мен Бөрлі ауданының әкімдері

2013 жылғы 20 желтоқсан

Р.Коняев

 

Көлік секторында энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар

18

53

Жанармайға (соның ішінде СКГ – сұйытылған көмірсутегі газы және КТГ – компримирленген табиғи газ) және энергияның преспективалы түрлеріне (соның ішінде электромобильдер мен гибридті автомобильдер, тиісті инфрақұрылымды дамыту) деген қолжетімділік тұрғысынан өңірлік ерекшелікті ескере отырып, 2014-2015 жылдары автокөлік паркінің оңтайлы құрылымы  және үлес шығарындыларын кеміту және энергия тиімділігін арттыру үшін әр өңір бойынша автокөлік паркінің оңтайлы құрылымына көшу жөніндегі «жол картасы» бойынша ұсыныстар енгізу

ККМ-не ұсыныстар

ЭТКШБ (жинақтау), Орал қаласы мен Бөрлі ауданының әкімдері

2013 жылғы 20 қараша

Р.Коняев

 

6. Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру шаралары

19

74

Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың, қалдықтарды көму аумақтарының, тұрмыстық қоқыстарды төгу жерлерінің, тұрмыстық қоқысты желдетуге ұшыраған аумақтардың өңірлік картасын әзірлеу

Қоршағанортами

ніне ақпарат

ТРТПРБ (жинақтау),

Орал қаласы және Бөрлі ауданының  әкімдері

2013 жылғы 20 қараша

Р.Коняев

 

7. Ауаның ластануын төмендету жөніндегі шаралар

 

 Көлік секторында ауа ластануын төмендету жөніндегі іс-шаралар

20

88

Қоғамдық көлікті газ отынына көшіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қоршағанортаминіне ұсыныстар

ТРТПРБ (жинақтау), ЖКАЖБ, Орал қаласы мен аудандар әкімдері

2014 жылғы

20 қараша

Р.Коняев

 

                                                                                        11. Пилоттық жобалар

 

  Электр энергетикасы және энергия тиімділігі саласында пилоттық «жасыл» аудандарды құру

21

101

«Жасыл экономика» қағидаттарына сәйкес бірнеше (2-3)  пилоттық тірек ауылдық елді мекендерді, шалғайдағы ауылдар мен кенттерді трансформациялау жоспарын әзірлеу және оларды қайта құруды жүзеге асыру:  ұлттық желіге біріктірілмеген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, тиімді ауыл шаруашылығы (тамшылатып суаруды пайдалану арқылы жылыжай шаруашылығын құру арқылы), қалдықтарды орталықтандырылған жинауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ұйымдастыру, тұйық ресурстық циклге көшу бойынша ұсыныстар енгізу

Қоршағанортаминіне ұсыныстар

ТРТПРБ (жинақтау), АШБ, Орал қаласы және аудандар  әкімдері

 

2014 жылғы

20 қарша

Р.Коняев

 

 

Ауыл шаруашылығындағы және су ресурстарын басқарудағы пилоттық жобалар

22

104

Қарыздар бойынша кепілдіктер, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау немесе басқа да шаралар түрінде, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы ауыл шаруашылығында жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру құралдарын ұсыну бойынша пилоттық жобаларды әзірлеу және іске қосу бойынша ұсыныстар енгізу (мысалы, жылыжай шаруашылықтарын салу кезінде күрделі шығындарды жабу, био-, эко-, органикалық өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарын сертификаттау бойынша)

Қоршағанортаминіне ұсыныстар

АШБ (жинақтау),  Орал қаласы және аудандар  әкімдері

2014 жылғы 20 маусым

Қ.Есімов

23

 

Жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жолдау

Қоршағанортаминіне ақпарат

ТРТПРБ (жинақтау),

жоспарда көрсетілген барлық мемлекеттік мекемелер

Жылсайын 1 ақпанға дейін

Р.Коняев

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭБЖМ – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 

Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 

ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

ЭБЖБ – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ТРТПРБ – облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

ЖҚҮӘББ – облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

АШБ – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

ҚұБ – облыстық құрылыс басқармасы

ДСБ – облыстық денсаулық басқармасы

ЭТКШБ – облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

ЖКАЖБ – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы