2019 жылдың 1 қазанына ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 1657 субъектісі тіркелген. 2018 жылмен салыстырғанда 2,3% өсіп отыр. Оның ішінде белсенді қызмет жасайтыны – 1448 субъект. Тіркелгендер көлеміндегі жұмыс істейтіндер үлесі -87,4%.  Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылы 17,9  млрд. теңгені құраса, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне 10,7 млрд. теңге құрап отыр .

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 5053 адамды құрайды (2018 жылы - 4681), бұл өткен жылдың  көрсеткішінен 7,9% артық. Бұданбасқа, кәсіпкерліктің дамуына бизнесті қолдау мен дамыту бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар ықпал етеді. Осындай негізгі бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы болып табылады. Ауданда «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының 2010-2018 жылдар аралығында 2,9 млрд. теңгеге 25 жоба іске асырылды.  2018 жылы 60 млн.теңгеге 1 несие берілді.

Жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін 3 млн.теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік инновациялық гранттар (өз бизнесін құруға) беріледі. 2019 жылы 2,5 млн теңгегеи мемлекеттік инновациялық грантты ауданымызда ЖК «Tour West Kaz» иеленді. Кәсіпкер ауданда туризм саласында экскурсиялық қызмет көрсетеді.

2018 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша алты ағынның қорытындысы бойынша 224 тыңдаушы оқудан өтті. 2019 жылы 210 тыңдаушы оқудан өтті.

2019 жылдың 1 қазан жағдайына  аудан бойынша жалпы 1 млрд. 303,7 млн. теңгеге  82 несие берілді.

Соның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» «Еңбек» бағдарламасы бойынша 255,7 млн. теңгеге 59 несие берілді.  2019 жылғы жоспар бойынша Теректі ауданынына бөлінген қаражат – 404,9 млн. теңге.  Орындалуы – 63,2%

  • «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 194,2 млн. теңгеге 46 несие берілді. 2019 жылғы жоспар бойынша Теректі ауданынына бөлінген қаражат – 300 млн. теңге. Орындалуы – 64,7%
  • «Агро Несие Корпарациясы» АҚ арқылы 61,5 млн. теңгеге 13 несие берілді. 2019 жылғы жоспар бойынша Теректі ауданынына бөлінген қаражат – 104,9 млн. теңге.  Орындалуы – 58,7%

Соның ішінде Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында оқыған 38 адам 147,1 млн теңгеге несие алды.

Сонымен қатар  «Агро Несие Корпарациясы» АҚ арқылы 1 млрд. 48,4 млн. теңгеге 23 несие берілді. Соның ішінде «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 498 млн. теңгеге 9 несие, «Агротехника» бағдарламасы бойынша 184 млн. теңгеге 13 несие, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 363 млн. теңгеге 1 несие.

Өнеркәсіп саласында жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу үшін отандық және шетелдік инвесторларды тарту, бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын өнім өндірісін игеру мақсатында Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі, Пойма станциясы маңында аумағы 281 га жерді алатын индустриалдық аймақ құрылысы жоспарлануда.

Ауданға инвестиция тарту бойынша жұмыстар үнемі түрде жүргізілуде.

 

Теректі ауданында іске асырылып жатырылған инвестициялық жобалар тізімі

  1. Алғабас ауылындағы «ABS-мұнай» ЖШС-нің «Мұнай өңдеу зауытының құрылысы» жобасы.

Жобаның көлемі: 400 млн. АҚШ доллары (152 млрд. теңге). 2019 жылы инвестиция көлемі - 30 млн. АҚШ доллары  (11,4 млрд.теңге). 2019 жылдың 1 тамызына ауданға түскен инвестиция көлемі – 2 млрд. 341 млн. теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жылдың сәуір айы.

Жобаның аяқталуы: 2021 жыл

Жұмыс орындары: Құрылыс мезгіліндегі жұмыс орындары күндізгі ауысымда – 220 адамды, түнгі ауысымда – 70 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта әкімшілік ғимараты мен 200 қызметкерге және иженерлік құрамға арналған жатақхана құрылысы аяқталды. Сондай-ақ зауыт құрылысына арналған алаңды дайындау жұмыстары аяқталды.

  1. Теректі ауданының Подстепный ауылдық округінде іске асырылатын «RINGO-MILK» ЖШС-нің сүт тауар фермасының құрылысы.

Жобаның көлемі: 3,9 млрд.теңге.

Жобаның басталуы: 2018 жыл

Жобаның аяқталуы: 2021 жыл

Жұмыс орындары: Құрылыс мерзімінде – 150 адамды құраса, пайдалану барысында – 39 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта жоба өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданып, құрылыстың орындылығына «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не сараптамаға жолданды. Сонымен қатар құнарлы мал азығын дайындау бойынша 1500 га жерді рәсімдеуге құжаттарды дайындауда.

  1. «Сырым-KZ» ШҚ - Теректі ауданының Жайық стансиясы маңында 3000 басқа арналған бордақылау алаңы,құрама жем зауыты жобасы.

Жобаның көлемі: 1 млрд.теңге.

Жобаның басталуы: 2017 жыл

Жобаның аяқталуы: 2020 жыл

Жұмыс орындары: Құрылыс мерзімінде – 6 адамды құраса, жұмыс барысында – 10 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта бордақылау алаңының құрылысы толық аяқталып, жұмыс жобасын дайындауда. Қыркүйек айында ІҚМ кіргізуді бастайды.  Құрама жем зауытының құрылысы 2020 жылы жоспарлануда.

  1. «Теректі» шаруа қожалығы - қоғамдық монша сауықтыру кешені құрылысы.

Жобаның көлемі: 200 млн.теңге.

Жобаның басталуы: 2017 жыл

Жобаның аяқталуы: 2019 жыл 20 қыркүйек.

Жұмыс орындары: Құрылыс кезінде-20 адам, жұмыс барысында – 15 адам

Жобада қоғамдық моншадан бөлек пиццерия және бассейн құрылысы қарастырылған. Сонымен қатар демалушыларға арналған шағын саябақ  салынады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүруде.

  1. «Теректі өнімдері» ЖШС – Теректі ауданының Айтиево ауылындағы жылыжай құрылысы жобасы

Жобаның көлемі: 30 млн.теңге.

Жобаның басталуы: 2018 жыл

Жобаның аяқталуы: 2019 жыл.

Жұмыс орындары: Құрылыс кезінде 5-7 адам

Жоспар бойынша барлығы – 6 жылыжай салу қарастырылған. Қазіргі уақытта 2 жылыжай жұмыс жасап, өнімдерін беруде. Қалған 4 жылыжайдын құрылысы тамыз айынын басында басталды.

  1. Жаңа Өмір ауылында ЖК «Ақбазар» 30 адамға арналған қоғамдық монша және шаштараз құрылысы.

Жобаның көлемі: 30 млн.теңге.

Жобаның басталуы: 2018 жыл

Жобаның аяқталуы: 2019 жыл.

Жұмыс орындары: Құрылыс кезіндегі жұмыспен қамтылған адам саны -15 адам. Жұмыс кезінде – 10 адам жұмыспен қамтылады.

Қазіргі уақытта ғимараттың құрылыс жұмыстары жүруде.

  1. ЖК «Умбетова А.А.» - Жаңа Өмір ауылында жол сервистік бағыттағы 200 орындық кафе құрылысы.

Жобаның көлемі: 150 млн.теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2020 жылдың 1 жартыжылдығы.

Жұмыс орындары: Құрылыс кезінде – 10 адам.

Қазіргі уақытта ғимараттың құрылыс жұмыстары жүруде.

  1. ЖК «Мирас» - Подстепное ауылындағы жол сервистік бағыттағы 200 адамға арналған асхана құрылысы.

Жобаның көлемі: 40 млн.теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2020 жыл.

Жұмыс орындары: Құрылыс кезінде – 10 адам жұмыспен қамтылуда.

Қазіргі уақытта ауданы 400 шаршы метр болатын асхананың құрылысы жүруде.

  1. «Ибрагим» шаруа қожалығы – Подстепное ауылында 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысы

Жобаның көлемі: 300 млн.теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2019 жылдың аяғы

Жұмыс орындары: Жұмыс кезінде – 5 адам

Мал бордақылау алаңына арналған үй-жай дайын. Негізгі мақсат етті экспортқа шығару.

  1. ЖК «Қарлығаш» - Покатиловка ауылындағы наубайхана құрылысы.

Жобаның көлемі: 6 млн.теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл наурыз айы.

Жобаның аяқталуы: 2019 жылдың қыркүйек айы.

Жұмыс орындары: Жұмыс кезінде – 2 адам

  1. ЖК «Гумаров» - Подстепное ауылындағы аумағы 300 шаршы метр «Самал» сауда үйі құрылысы.

Жобаның көлемі: 30 млн.теңге.

Жобаның басталуы: 2016 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2019 жылдың тамыз айы.

Жұмыс орындары: Жұмыс барысында 20 адам жұмыспен қамтылады.

Сауда үйі құрылысы шілде айында аяқталды. Қазіргі уақытта құрал-жабдықтар сатып алу үшін несие алуға сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Теректі ауданы бойынша қазіргі уақытта іске асырылып жатырылған барлығы 11 жоба, инвестиция көлемі – 157 млрд. 656 млн. теңге.

 

Теректі ауданында алдағы уақытта іске асырылатын жаңа инвестициялық жобалар.

  1. «Anb Engineering» ЖШС – Богдановка ауылдық окргуі Алғабас ауылының маңынан керамзит және цемент зауытының құрылысы жобасы.

Жобаның көлемі: 2,2 млрд. теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2021 жыл.

Жобаның қуаттылығы: Жылына 200 мың текше метр керамзит және күніне 1000 текше метр цемент шығару.

Жұмыс орындары: Құрылыс кезінде шамамен 50 адам.

2019 жылдың 20 тамыз күні кәсіпкерге 7 га жер телімі берілді. Қыркүйек айының ортасында зауыттардың құрылысы жөнінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады.

  1. «Теректі тұқым» ЖШС – Теректі ауданы Сарсенова ауылында 2000 гектар аумаққа дәнді және дәнді бұршақты, майлы, азықтық және бақша дақылдарын өсіру жобасы.

Жобаның көлемі: 2 млрд. теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2022 жыл.

Жұмыс орындары: Жұмыс барысында 25 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасынан инвестициялық жоба ретінде мақұлдауын күтуде. Жер рәсімдегеннен кейін 2020 жылдың дәнді дақылдарды егуге жерді дайындау жұмыстарын бастайды. Инвестор күнбағыс, сорго, жүгері, нут, ноқат секілді дәнді дақылдарды егуді жоспарлауда.

  1. ЖК «Куаналиев» - Подстепное ауылдық округінде жол сервистік бағытта көп отынды жанар-жағармай бекеті, 100 орындық кафе, дүкен, дөңгелек жөндеу орталығы, 60 адамға арналған қонақ үйі құрылысы жобасы.

Жобаның көлемі: 500 млн. теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2021 жыл.

Жұмыс орындары: Жұмыс барысында – 15 адам.

Қазіргі уақытта кәсіпкер жер телімін алу үшін құжаттарды рәсімдеуде.

  1. ЖК «Серешев» - Подстепное ауылдық округі Барбастау ауылындағы 100 орындық балабақша және кондитерлік цех құрылысы жобасы.

Жобаның көлемі: 180 млн. теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2021 жыл.

Жұмыс орындары: Жұмыс барысында 20 адам.

  1. Жеке кәсіпкер «Сұлтанова» - Жаңа Өмір ауылында 100 орындық балабақша құрылысы жобасы.

Жобаның көлемі: 80 млн. теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2020 жыл.

Жұмыс орындары: Жұмыс барысында 20 адам.

Кәсіпкер балабақша құрылысы үшін 0,5 га жер телімін аукцион арқылы алды. Қазіргі уақытта «АТФ-Банк» АҚ арқылы 40 млн. теңге несиені рәсімдеуді және жобаның сараптамасын жасауды аяқтауда. Құрылыстың басталуы 2019 жылдың  қыркүйек айында күтілуде.

  1. «Алау» ЖШС – Жаңа Өмір ауылында жанар - жағармай бекеті құрылысы жобасы.

Жобаның көлемі: 30 млн. теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2020 жыл.

Жұмыс орындары: Жұмыс барысында 5 адам.

Қазіргі уақытта жұмыс жобасы жасақталуда және жер телімін алуға құжаттар рәсімделуде.

  1. «Батыс Эко Транс» ЖШС - Подстепное ауылында жол сервистік қызмет бағытында кафе және азық-түлік дүкені құрылысы жобасы.

Жобаның көлемі: 50 млн. теңге.

Жобаның басталуы: 2019 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2020 жыл.

Жұмыс орындары: Жұмыс барысында – 15 адам

Кәсіпкерге Подстепное ауылынан жер телімі берілді. Қазіргі уақытта жұмыс жобасы жасақталуда.

  1. «Rich Valley» ЖШС аумағы 30-40 гектарды алатын, голландтық технологиялар бойынша қияр мен қызанақ өсіретін жылыжай құрылысы жобасы.

Жобаның көлемі: 8 млрд. теңге.

Жобаның басталуы: 2020 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2021 жыл.

Жұмыс орындары:Жұмыс барысында – 15 адам.

Қазіргі уақытта инвестор жерді индустриалдық аймақтын аумағынан алуды қарастырып жатыр.

  1. «Жайна» ЖШС- көкеніс қоймасы құрылысы жобасы.

Жобаның көлемі: 100 млн. теңге.

Жобаның басталуы: 2020 жыл.

Жобаның аяқталуы: 2021 жыл.

Жұмыс орындары: Жұмыс барысында – 5 адам.

Құрылыс жұмыстарын бастау 2020 жылы салуды жоспарлауда.

 

Теректі ауданында алдағы уақытта іске асырылатын жаңа инвестициялық жобалар көлемі – 13 млрд. 140 млн. теңге.