Ауыз сумен қамту

Теректі ауданында 52 ауылдық елді мекен. Оның ішінде:

- 21 орталықтандырылған сумен жабдықталған;

- 32 орталықтандырылмаған сумен жабдықталған;

Қазіргі таңда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 21 ауылдық елді мекен (52 АЕМ-нен) немесе 33,2 мың адам тұратын елді мекендердің жалпы санының 40,4% - ын немесе жалпы халық санының 82,3% құрайды.

2019 жылы 6 ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін 6 нысанның (Богдановка, Приречный, Юбилейное, Жайық, Ұзынкөл, Жаңа Өмір ауылдары) құрылысы басталып, қазіргі таңда 4 ауылдық елді мекендегі 4 нысан (Ұзынкөл, Жаңа Өмір, Жайық, Юбилейное) құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.

2018 жылы  орталықтандырылған сумен жабдықтау 18 ауылдық елді мекен (52 АЕМ-нен) болса,  2019 жылы 21 ауылдық елді мекенге (52 АЕМ-нен) жетті. Бұл ретте ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамту бойынша көрсеткіші 2018 жылға қарағанда 5,8%-ға артқанын көрсетеді.

2020 жылға 2 ауылдық елді мекендегі 2 нысанды (Богдановка, Приречный)қолданысқа тапсыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 8 ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін 8 нысанның (Подстепное, Үлкен Еңбек, Социализм, Абай, Талпын, Барбастау, Магистральное және Пойма ауылдарына) сумен жабдықтауға арналған жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Аталған 8 елді мекенді су құбырына қосылған жағдайда ауданның орталықтандырылған сумен қамтылу көрсеткіші – 90 пайызға артады.

 

Тұрғын үй құрылысы бойынша

Теректі ауданында 2019 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде қазіргі таңда ағымдағы жылдың қараша жағдайына 2 көп пәтерлі тұрғын үй (60 пәтер, Федоровка және Ақжайық ауылдарында) және 2 ИКИ нысанының құрылысы аяқталып тұрғындарға пайдалануға берілді.

Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданын 2018жылғы (17011ш.м) көрсеткішпен салыстырмалы түрде қарағанда 2019 жылы (20322ш.м) 19,5%-ға артқанын көрсетеді. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолданысқа берілген жалдамалы пәтерлер жалпы ауданы  2018 жылы 1383ш.м. болса 2019 жылы ол көрсеткіш 5701ш.м. артты.

 

Газдандыру бойынша

Ауданда 33 ауылға табиғи газ берілді, бұл елді мекендердің жалпы санының 63% немесе жалпы халық санының 89,2% құрайды. 2018 жылы Богдановка, Придорожное, Приречное, Донецк, Алғабас, Сәрсенов және Шөптікөл ауылдарын газдандырудың ауылға дейінгі жеткізу жұмыстары басталды. Ағымдағы жылда құрылыс жұмыстары аяқталып аталған елді мекендер табиғи газға қосылады. Аталған 7 елді мекенді табиғи газға қосылған жағдайда ауданның газбен қамтылу көрсеткіші – 94,4 пайызға артады.

Сонымен қатар Долинное, Төңкеріс, Қоныссай ауылдарында газдандару бойынша жобалық сметалық құжаттары дайын, 2020 жылға бюджеттік өтінімге жолданды