Іске асыру мерзімдері: 2015 - 2019 жылдары.

 

Бағдарламаның міндеттері:

1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру.

2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту.

3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту.

4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту.

5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру.

6. Халықтың шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылуын ұлғайту.

7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке көшуін болдырмау.

8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру.

10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру.

11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 6 жоба жүзеге асырылуда.

- «Райымбек» ШҚ (Долинное а., құс шаруашылығы)

- «Жаманкулова» ЖК (Подстепное а., сауда үйі қызметі)

- «Кабышева Л.» ЖК (Ақсуат а., дүкен қызметі)

- «Десять лет» ЖК (Федоровка а., тойхана қызметі)

- «Uniserv-Trans» ЖШС (Подстепное а, техника сатып алу)

- «ГрандОйл» ЖШС (Подстепное а., АЗС)

 

Ауданда әрі қарай кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестицияларды тарту мақсатында аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту картасы жасалды.