Өсімдік шаруашылығы жөніндегі мәлімет:

2017 жылы егіс жұмыстарына 78 шаруашылық қатысып, жалпы егіс көлемі 122,7 мың.га құрады.  меморандум бойынша барлық егіс көлемі 117,2 мың.га құраса, меморандумды 104,7 % орындады.

- Дәнді дақылдар 53,739 мың.га (14,953мың.га күздік дақылды қоса есептегенде), соның ішінде: жаздық бидай 27,397 мың.га, арпа 10,500 мың. га, тары 0,170 мың.га, сұлы 0,150 мың.га, дәнді құмай 0,449 мың.га, ноқат 0,120 мың.га.

- Майлы дақылдар 17,669 мың. га, соның ішінде: күнбағыс 7,461 мың.га, мақсары 10208 мың. га.

- Мал азықтық дақылдар 50,601 мың. га (өткен жылдың 39,635 га қоса есептегенде), соның ішінде: біржылдық шөптер 5,581мың.га, сүрлемдік жүгері 0,400 мың.га.

- Картоп 237,1 га, көкөніс 396,5 га, бақша 132,9 га.

 

Биылғы жылы аудан шаруашылықтары 14,7 ц/га орташа өнімділікпен 78765 тонна дәнді дақыл өнімін жинап алды, соның ішінде:

- 15,7 ц/га орташа өнімділікпен 9120,5 тонна күздік қара бидай өнімі;

- 24,5 ц/га орташа өнімділікпен 22473 тонна күздік бидай өнімі;

- 12,4 ц/га орташа өнімділікпен 34091,6 тонна жаздық бидай өнімі;

- 11,9 ц/га орташа өнімділікпен 12526 тонна арпа өнімі;

- 7,1 ц/га орташа өнімділікпен 120 тонна тары өнімі;

- 5 ц/га орташа өнімділікпен 60 тонна ноқат өнімі;

- 10 ц/га орташа өнімділікпен 150 тонна сұлы өнімі;

- 5 ц/га орташа өнімділікпен 224 тонна құмай өнімі;

 

Майлы дақылдардан 8  ц/га орташа өнімділікпен 13811 тонна өнім алынды, соның ішінде: 5554,9 тонна күнбағыс, 8255,8 тонна мақсары өнімі жиналып алынды.

Картоптан 148,9 ц/га орташа өнімділікпен 3531,3 тонна картоп өнімі, көкөністен 153 ц/га орташа өнімділікпен 6066,07 тонна көкөніс  өнімідері, бақшадан 140,2 ц/га орташа өнімділікпен 1862,82  тонна бақша өнімідері жиналып алынды.

 

Алынған өнімді  сапалы сақтау да назарда. Ауданда жалпы қуаты 2 935 тонна көкөніс қоймасы бар. Сонымен қатар, Орал қаласынан «Жайна» ЖШС биылғы жылы сыйымдылығы 1 700 тонна картоп сақтау қоймасын іске қосты.

Мал басы санына сәйкес ауданға 116,2 мың тонна мал азығын дайындау жоспары берілген болатын, 2017-2018 жылдың мал қыстау науқанына ауданда 121 мың тонна мал азығы дайындалып жоспар 104 пайызға орындалды. Орташа өнімділік 6,5 центнер/гектар.

Өсімдік шаруашылығы бойынша алынған субсидия:

- «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» бойынша-69 048 000 теңге;

- «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын» бойынша-4 957 735 теңге;

- «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары» бойынша-7 243 359 теңге;

- Тұқым шаруашылығын дамыту қағидасы бойынша- 18 446 100 теңге субсидия төленді.

- 2018 жылдың көктемінде ауданның шаруашылықтары 113 097 га жерге егіс егуді жоспарлап отыр. Осыған сәйкес 7448 тонна тұқым дайындалды.

 

Мал шаруашылығы жөніндегі мәлімет.

 Ауданда барлығы -437 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген. Соның ішінде 411 шаруа қожалығы және 26 ЖШС. 

 Мал шаруашылығы саласында 2017 жылдың 1 желтосанға  Ірі  қара  мал  басы 42353 бас   соның  ішінде  сиыр  18892, қой 51891бас, ешкі 9743бас   жылқы  11117бас, шошқа  3023 бас   құстар  45892 бас.

Мал  түрі

01.01.2017жыл

01.01.2018 жыл

+/-

%

Ірі  қара

39700

42353

+2653

106,7

с.ішінде  сиыр

18388

18892

+ 504

102,7

Қой-ешкі

61062

61634

+ 572

101

жылқы

9167

11117

+1950

121,3

шошқа

2839

3023

+184

   106,5

құстар

44490

45892

+1402

103,2

 

Төл  алу  туралы:

2017  жылы 17977 бас  бұзау (103,5%),  Қозы  мен  лақ  - 40290  бас(103,4 %), құлын 3236 бас (100),  торай 42200 бас (136,3%),  төл  алынды.  

 

Мал өнімдерін өндіру:

2017    жылы   аудан  бойынша  жеке тұрғындар, шаруа  қожалықтары  және  ауыл  шаруашылық  құрылымдары:  29541,7 тн сүт (105%),  6026,75тн ет (105,3%), 5621,8мың дана  жұмыртқа (101,5%) өндірді.

 

 

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы:

 

«Сыбаға»  бағдарламасы 2017 жылға жоспар - 304 бас ірі қара аналық малын сатып алу орындалғаны- 133,5 млн.теңге несие алып 422 бас аналық малдар және 9 бас етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалар сатып алынып, жоспар 138,8% орындалды. 

 

«Құлан»  бағдарламасы  2017 жылға жоспар-60 бас, орындалғаны-68,8 млн. теңгеге 240 бас  биелер және 4 айғыр сатып алынып,жоспар 400% орындалды.

 

«Береке» бағдарламасы

Жеке аулаларда мал бордақылап өсіру үшін несие алуға 60 жеке тұлға ниет білдіріп, 183450 мың теңге  «АШҚҚҚ АҚ» несие алып,. Бүгінгі күні осы қаржыға 879  бас бұқашықтар сатып алынды.

    

«Ырыс» бағдарламасы

Осы бағдарлама арқылы  12 тұлға 66 млн. теңге несие алып 254 бас сүтті бағыттағы аналық малдар сатып алды.

 

«Ынтымақ» бағдарламасы

2017 жылы ауданда құрылған 2 ауыл шаруашылығы кооперативі Ынтымақ бағдарламасы арқылы 6,7 млн. теңге несие рәсімдеп 2 тонналық сүт салқындатқыш танкер сатып алып іске қосты.

 

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары

Теректі ауданында қазіргі уақытта  барлығы 15 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп жұмыс жасауда. Соның ішінде 8 кооператив 2015 жылы құрылып   қайта тіркеуден өткен кооперативтер және 7 кооператив 2017 жылы құрылған кооперативтер.

8 ауыл шаруашылығы кооперативі ірі қара малымен тұқымдық түрлендіру, 5 кооператив тұқымдық түрлендіру және бордақылау және 2 кооператив сүтті бағыттағы жұсытармен айналысады.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау»  бойынша 2017 жылы барлығы 292 млн.теңге субсидия төленді. Соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға 254 млн.теңге  мал өнімдерін өндіргені үшін 38 млн. теңге субсидия төленді.

 

Тұқымдық  түрлендіру  жұмыстары  туралы:

2017  жылы    аудан  бойынша барлығы 117 ауыл шаруашылығы  тауар өндірушілері  соның ішінде: 94 ш/қ,  4 ЖШС  11 СТК  және 8 ЖК    барлығы  9 257 бас аналық малға, соның ішінде 5701 бас тауарлы аналыққа 57 млн.тн, 3039 бас асыл тұқымды етті бағыттағы  малға 30,390 млн.тенге және 517 бас асыл тұқымды сүтті бағыттағы аналық малдарға 5 млн. тенге субсидия төленді. Қосымша алынған төлдерге тауарлы 3378  1 басқа басқа 8 мың теңгеден  27024 мың , 89 басқа 1 басқа 6 мың теңгеден 534 мың, асыл тұқымды сүтті бағыттағы төлдерге 1 басқа 20 мың теңгеден 310 басқа 6200 мың, 17 басқа 15 мың теңгеден 255 мың, асыл тұқымды етті бағыттағы 2 292 бас төлге 1 басқа 20 мыңнан барлығы 45840 мың теңге субсидия төленді.

 

Асыл тұқымды ірі қара төлін сатып алу жұмыстары:

Жыл басынан бері  барлығы 491 бас асыл тұқымды төлдер сатып алынынып, 73,650 мың теңге субсидия төленді. Соның ішінде 248 бас етті бағыттағы, 5 бас сүтті бағыттағы бұқалар, және 238 бас асыл тұқымды етті бағыттағы қашарлар.

 

Қой малымен тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізу:

2017 жылы 7 шаруашылық  4952 бас саулық қойға етті бағыттағы асыл тұқымды қошқарлар қосу арқылы тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізгені үшін 7 млн.428 мың теңге субсидия төленді.

 

Асыл тұқымды  қошқарлар сатып алу жұмыстары:

 5 шаруашылық тауарлы саулық қоймен тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізу бағытында 65 бас асыл тұқымды Еділбай тұқымдас қошқарларын сатып алғаны үшін 1 млн.150 мың теңге субсидия төленді.

 

Инвест жобалар:

Федоровка селолық округінің Жайық ауылында «Сырым KZ» шаруа қожалығы 3 мың бас ірі қара малын бордақылауға мал бордақылау алаңы құрылысы басталды. Бүгінгі күні 150 басқа арналған мал қорасы салынып, су тартылып бұқашықтар бордақылауға қойылдлы. 2018-2019 жылдары осы мал бордақылау алаңында тәулігіне 120 тонна құрама жем тартатын зауыт және мал сою цехтары құрылсын жүргізу жоспарлануда.

 

Инвестициялық  субсидилар туралы:

2017 жылы аудандағы 30 шаруашылық техникалар және қажетті қондырғылар сатып алып қолданысқа енгізгендері үшін барлығы 97 млн.317мың теңге инвестициялық субсидия төленді.

 

Ауыл шаруашылығы - архив