Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.

2018 жылғы 1 наурызына  жағдай бойынша халық саны 37,8 мың адамды құрады.

Ауданда 15 ауылдық округ, 52 ауылдық елді мекен бар.

 

Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж. қаңтар-наурыз

2018 ж. қаңтар-наурыз пайызбен 2017 ж. қаңтар-наурыз

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

2984,6

2610,2

 

 

1438,6

 

 

1669,7

 

116,5

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

8206,4

13127,5

16989,5

1243,0

100,1

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге

5103,1

4075,2

4767,9

539,8

70,3

Орташа айлық  еңбекақы, теңге

67 067

80742

80543*

80334*

99,5*

 

*- 2017 жылғы қаңтар- желтоқсанына

 

Теректі ауданының 2018 жылғы қаңтар-наурыз айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  1669,7 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2017 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 16,5 % көп (НКИ – 116,5 %).

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі  1243,0 млн. теңге құрады, бұл 2017 жылдың қаңтар-наурыз  деңгейінен 0,1%-ға (НКИ) көп.

1161,6 тонна  ет өндірілді немесе 2017 жылдың қаңтар-наурыз  деңгейіне  100,6 %, сүт – 3593,7 тонна (100,6%), жұмыртқа – 1182,1 мың дана (100,3%).

2018 жылдың 1 сәуіріне мүйізді  ірі қара мал саны 47,8 мың бас, немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 106,5% құрады, соның ішінде сиыр – 18,526 мың бас (96,1%), қой – 61,429 мың бас (100,5%), ешкі – 12,402 мың бас (103,5%), жылқы – 11,768 мың бас (120,7%), шошқа – 3,424 мың бас (115,3%), құс – 45,800 мың бас (102,0%).

 

Инвестициялық қызмет

Негізгі капиталға инвестициялар  539,8 млн. теңге құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезең деңгейінен 29,7 % аз.

Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі  85,7 млн. теңге құрады, немесе  81,4 % азайды,  1073 ш.м. тұрғын үй енгізілді,  бұл 2017 жылдың қаңтар-наурыз  айының деңгейіне  18,6 % құрады.

 

Тауар айналымы

Бөлшек сауда көлемі – 486,7 млн.теңгені құрады, соның ішінде сауда мекемелерімен сатылған тұтыну тауарлары – 5,3 млн.теңгеге сатылды, рынокта сату объектілері бар жеке кәсіпкерлермен сатылғаны – 481,4 млн.теңгеге, 2017 жылғы   қаңтар-наурыз  айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі  70,7 % азайды.

 

Кәсіпкерлік

2018 жылғы 1 сәуіріне ауданда 1497 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен  4,8%-ға көп. Олардың 1273 жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 85,0%-ы.

Шағын кәсіпкерлік саласында 4677 адам жұмыс істейді, бұл 2018 жылдың 1 сәуір  деңгейінен 1,5%-ға көп.

Ауданның шағын бизнес субъектілері 2671,5 млн. теңгенің  өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2017 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда  16,6%-ға көп.

2018 жылғы 1 сәуіріне ауданда  145 қызметкер санымен 6 шағын цех тіркелді және 6 жұмыс істейді. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 56,4 млн. теңге құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 2,6 есе көп.

 

Қаржылар

2018 жылғы 1 сәуіріне мемлекеттік  бюджетке 586,1 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті  бюджетке – 321,3 млн. теңге (болжамға 278,6 %, 2017 жылдың қаңтар-наурыз   деңгейіне –100,7%).

 

Еңбек рыногы

Экономиканың  барлық  салаларында  106 жұмыс орны құрылды (39,1 % аз).

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі  1,6 % құрады,  бұл 2017 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,8 пайыздық пунктке жоғары.

2018 жылғы 1 сәуіріне жағдай бойынша жұмыссыздар саны 350 адамды құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезең деңгейінен 95,5-ға % көп,

кедейлік деңгейінен төмен тұратындар саны –  370 адам,немесе 253,4%-ға  (224 адамға көп).

Қаржыландырудың барлық көздерінен 31,1 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек – 14,9 млн. теңге.

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 342 адам жұмысқа орналасты, бұл 2017 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 1,4 есе көп.

2017 жылғы қаңтар- желтоқсанына  айлық  еңбекақы 0,5%-ға азайып, 80334  теңге құрады.

 

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 32 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.

 

Білім беру

Білім беру желісін 38 жалпы білім беретін мектеп (5,945 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 23 мектеп (3,194 мың оқушы), 1 кешкі мектеп  құрайды (37 оқушы). 312 оқушыға арналған 7 мектеп жанындағы интернат бар.

Колледж (154 оқушы), 11 балабақша, 25 шағын орталық (1360 бала) және 5 қосымша білім беру мекеме (1580 бала) жұмыс істейді.

 

Мәдениет

38 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.

 

Қылмыс

61 қылмыс тіркелді, бұл 1.03. 2017 жылдың деңгейінен 10,9 % көп.