Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Сонымен қатар, Жобада бюджетті толтыру бойынша сұрақ-жауаптар сайтта орналасқандығын (https://admin.publicbudget.kz/main/page/faq) және youtube әлеуметтік желісінде оқыту бейнероликтері жарияланған (https://www.youtube.com/channel/UCTx5HHzfDOtTwhtmle1qAtw/videos)

Теректі ауданының 2 - ауруханасының атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

 

Теректі ауданының 2 -  ауруханасында  1 отбасылық денсаулық орталығы, 3 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт, 20 кереуетті тәуліктік стационар және 56 кереуетті күндізгі стационар, оның ішінде туберкулез ауруына шалдыққандарға арналған 1 керует халыққа қызмет көрсетеді, қамтылу радиусі – 115 шақырым шамасында.

Тұрғындар саны – 9 225 (бірінғай халық тіркелімі/РПН) , облыстық статистикалық басқармасының  мәліметі бойынша – 10 913 оның ішінде ересектер саны – 6 579, балалар саны – 2442, жасөспірімдер саны -  374.

Теректі ауданының 2 -  ауруханасында  штат бойынша  дәрігерлік бірлік - 21,5,  қамтылғаны – 17,5 бірлік, жеке тұлғалар саны, яғни қазіргі таңда қызмет жасап жатқан дәрігерлерлер саны – 16,оның 2 – уі декреттік демалыстағы мамандар ( ЖТД – 1, эпидемиолог - 1). 

2018 ж 1 ЖТД қайта даярлықтан өткізіліп, 03.01.2019  ж бастап невролог кызметін қоса атқаруда.

Дәрігерлемен қамтылу көрсеткіші:  2019 ж 10мың тұрғынға шаққанда – 14,7 құрап отыр / 2018 ж  – 11,6.

Орта буын қызметкерлерімен қамтылу көрсеткіші:  2019 ж 10мың тұрғынға шаққанда – (абс 94) 86,4 құрап отыр / 2018 ж  – 81,7. (абс 91)

 

 Негізгі көрсеткіштер:

Туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 148- ден (13,2) 161-ға (14,8) жетіп,  табиғи өсім 6,3 -тен 9,1-ге өсті,яғни 13 нәрестеге өсіп отыр.

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 77-ден (6,9) 62-ге (5,7) төмендеді.

Бала өлімі аудан бойынша тіркелген жоқ.

Ана өлімі аудан бойынша тіркелген жоқ.

 

Әлеуметтік маңызы бар аурулар:

Нысаналы топтардын арасында жүргізіліп отырған профилактикалық тексерудің арқасында  Жүрек қан тамыр ауруларынан аурушаңдық көрсеткіші 3636,8-ден (405 жағдай) 3759,8-ге (409 жағдай) дейін артып келеді,   өлім-жітім  көрсеткіші  152,6– дан (17 жағдай)  128,7-ге (14 жағдай) төмендеді. Қазіргі уақытта нысаналы топтардын 100 % скринингілік тексеруден өткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда анықталу көрсеткіші  артып отыр.

Қатерлі ісіктен аурушандық көрсеткіші 125,7–ден (14-жағдай) 101,1-ге (11) төмендеп, сонымен қатар катерлі ісіктен өлім-жітім көрсеткіші  89,7-ден (10жағдай), 73,5 -ке (8жағдай) төмендеп отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда туберкулезбен аурушандық көрсеткіші 26,9-дан (3жағдай)  27,5-ге (3) жетті . Ауданымызда туберкулезден өлім-жітім  жағдайы тіркелген жоқ. (2018 ж. – 0). Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақтандырылды.

Жарақаттар мен уланулардан аурушаңдық көрсеткіші 476,4-ден (52 жағдай) 412,3-ке  (45 жағдай) төмендеді, өлім-жітім көрсеткіші 26,9-дан (3 жағдай) 73,5-ке ( 8 жағдай) жоғарылап отыр,яғни 5 жағдайға артты.

Сонымен қатар 2018 ж наурыз айынан бастап  Аурухананың құжатайналым жүйесінде толық электорнды жаңа технологияға сай  іске асырылды. Казмед ақпараттық жүйесі жұмыс жасайды. Пациенттердің ауыру тарихы олардың электрондық карточкалары мен бейненің цифрлық өңделуіне негізделген, қазіргі таңда толықтай қағазсыз жұмыс істеуге көшірілді..Жарқын Болашақ мамандарымен тығыз байланыстамыз.

Aubakirov AАубакиров Әсет Сәбитұлы 1978 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр. Ұлты қазақ. Жоғары білімді, мамандығы – бухгалтер-экономист. Заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы болып бастады.

2001-2003 жылдары аралығында Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2003-2006 жылдары аралығында аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қоғау бөлімі бастығының орынбасары, 2006-2008 жылдары аралығында Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2008-2012 жылдары аралығында Федоровка ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарды.

2012 жылдың мамырынан бастап Богдановка ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

 

Сайлауалды бағдарламасы

1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында қолайлы амалдар мен жұмыс түрлерін қолдана отырып, халықтың әлсіз топтары еңбек ардагерлеріне, аз қамтылған көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларға, жетім балаларға қолдау көрсету, қамқорлық таныту. Жастарға патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту бағытында жұмыстану.

2. Қосымша жобаларды жүзеге асыру мақсатында ауылдық округке инвесторларды тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және салық базасын толықтыру.

3. Ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмыстарын жандандыру.

4. Федоровка ауылы тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

5. Ауылішілік жолдарды жөндетуге, электр  байланыс желілерінің кідіріссіз  жұмыс атқаруына және желілерді жаңартуына жұмыстану.

 


Ibraev MИбраев Мирхат Мақсотұлы 1980 жылы 12 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген. Үйленген, бір кыз тәрбиелеуде. Қазақ.Жоғары білімді, мамандығы информатика пәнінің мұғалімі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Еңбек жолын 2002 жылы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын пәні мұғалімі қызметінен бастаған.

2006 – 2014 жылдары «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының референті, есеп және статистика секторының меңгерушісі, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің кеңесші қызметтерін атқарды.

2014-2108 жылдары  «Теректі ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2018-2019 жылдары Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

2019 жылдың 17 мамырынан бастап Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

 

Сайлауалды бағдарламасы

1. Инвесторларды округке тарту арқылы Федоровка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, жеке инвестицияларды ынталандыру, бизнестің тұрақты өсу көздерін реттеу;

2. «Өңірлерді дамыту»,  «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру, қазіргі және тұрақты жаңа жұмыс орындарын құру, кіші және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету;

3. Ауылды абаттандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру: рұқсат етілмеген қоқыстарды жою, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, көгалдандыру, жарықтандыру, ауыл ішіндегі жолдарды сапалы жөндеу;

4. Фермер шаруа қожалығын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу;

5. Әлеуметтік салада халыққа қызмет көрсету сапасын көтеруге, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша шараларды күшейтуге, халық арасында салауатты өмір салтын дамытуға, жастарды адамгершілік рухани тұрғыда тәрбиелеуді жақсартуға, мүгедектер, зейнеткерлер, жетімдер, аз қамтылған және көп балалы отбасына қолдау көрсетуге көмектесу.

 


Sisenbaeva EСисенбаева Эльмира Валерийқызы 1973 жылы Теректі  ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген. Бір ұл тәрбиелеуде. Қазақ. Жоғары білімді, мамандығы орыс тілі және әдебиеті, ағылшын пәнінің мұғалімі. 

Еңбек жолын 1990 жылы Теректі ауданының оқушылар және пионерлер үйінде үйірме жетекшісі қызметінде бастады.

1993–1995 жылдары «Қыз Жибек» өндірістік-оқыту фирмасында кескіш-сәнгер мамандығына оқыды.

1996–2000 жылдары жеке кәсіпкер.

2000–2005 жылдары №2 Федоровкаорта жалпы білім беретін мектебінде«Технология» пәні, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын пәнінің мұғалімі. 

2005–2016 жылдары «Теректі ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман.

2016 жылдың ақпан-шілде айларында«Конденсат» компаниясы тобының «Нафта» Сауда үйі» жауапкершілікгі шектеулі серіктестігінің «Мечта» кемпингінің клиенттермен жұмыс саласына әкімгері.

2017–2019 года «Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің  бас маманы, бас инспекторы.

2019жылдың наурыз айынан «Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшы орынбасары қызметін атқарып келеді. 

 

Сайлауалды бағдарламасы

1. Ауылдық округтің әлеуметтік және экономикалық даумын нығайту мақсатында төртінші деңгейлі бюджетті құру механизмдерін жетілдіру.

Округтің жағдайын жақсартуға бағытталған жергілікті басқаруды дамыту.

2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында ауылдық округ тұрғындарын кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру.

3. Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау. Ауылдық округтің экономикалық әл-ауқатын жақсарту мақсатында инвесторларды тарту.

4. Ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмыстарын күшейту.

5. Округтің кадрлық потенциалын арттыру. Жұмыс жасауға келген жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсету.

Ahmetov AАхметов Азамат Советұлы 1989 жылы Теректі ауданы, Аңқаты ауылдық округі, Қандық ауылында дүниеге келген. Отбасы жағдайы бойдақ. Ұлты қазақ. Жоғары білімді, мамандығы «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі»

Еңбек жолын 2008 жылдың қыркүйек айында Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2010  жылдың тамыз айынан бастап «Азия Тех Строй» ЖШС-де қаңылтыр шебері болып қызмет етті.

2012 жылдың желтоқсан айынан Новопавловка жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

2013 жылдың желтоқсан айыннан бастап «Аңқаты селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы болып орналасты.

2017 жылдың желтоқсан айыннан бастап «Аңқаты селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы болып қызмет атқарып келеді.

 

Сайлауалды бағдарламасы

1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында қолайлы амалдар мен жұмыс түрлерін қолдана отырып, халықтың әлсіз топтарына, еңбек ардагерлеріне, аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балаларға, жетім балаларға қолдау көрсету, қамқорлық таныту.

2. Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамтуды қадағалау.

3. Аймақтағы мал шаруашылығын дамыту  мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.

4. Ауыл тұрғындары мен балалардың мәдени демалыстарын тиімді өткізуді қадағалап отыру.

5. Ауылішілік жолдарды жөндетуге, электр  байланыс желілерінің кідіріссіз  жұмыс атқаруына және желілерді жаңарту бағытында жұмыстану.

 


Gainullin AГайнуллин Айбек Жалғасбекұлы 1992 жылы Қаратөбе ауданы Жігерлен ауылында дүниеге келген. Үйленбеген. Ұлты қазақ. Жоғары білімді, мамандығы – Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 2011 жылы Теректі ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің аппаратында статист қызметінен бастады.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында жедел әскери қызметте.

2013-2017 жылдары ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің аппаратында статист, жетекші маман.

2017-2019 жылдары Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы.

2019 жылдың мамыр айынан бастап Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келеді

 

Сайлауалды бағдарламасы

1. Жергілікті жерде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Бюджетке салық түсімдерін уақытылы жиналымын бақылау және оны көбейту бағытында жұмыстану. Ауылдық округ аумағындағы бос жатырған (тиісті мақсатта пайдаланбайтын)жер телімдеріне, меншік нысандарына түгендеу жүргізу. Ауылдық округтік әлеуметтік – экономкалық дамуына талдау жүргізіп, қорытындысы бойынша даму жоспарынаөзгерістермен толықтыру енгізу.

2. Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту, ірі шаруа қожалықтарын кеңейту(малды асылдандыру,егін жерлерінкөбейту, көп жылдық шөптер егу, жайылымдарды суландыру мақсатында тұрбалық құдықтар соғу, бау-бақша және көкөніс егу бойынша ұсыныс беру),цифрлық және инновациялық технологияларды қолдану бағытында жұмыстану. Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында мал бордақылау алаңдарын көбейту, мал сою цехын салужәне құс өсіру, бақша егу  бағытында жұмыстану. Жайық-Шалқар каналына су жіберіліп, қалпына келтірілген жағдайда жайылымдық жерлерді суландырып, мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға мүмкіндік туады. Сол кезде жерге картоп, бақша, көкөніс егуге мүмкіншілік туады.

3. Жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып ауылдық округті абаттандыру жұмыстарын жүргізу. (Соның ішінде жолдарды күтіп ұстау, көшелерді косымша жарықтандыру, шағын архитектуралық нысандар орнату,саябақты абаттандыру және көгалдандыру.)Атқарылатын жұмыстарға демеушілерді, ауыл кәсіпкерлерін, мектеп түлектерін белсене қатыстыру

4. Бос тұрған ғимараттарды тиімді пайлану және инвесторларға ауылдық округтің тиімді тұстарын көрсету. (ауылдың кірберіс жолына сто, азгс, шағын-супермаркет, сұлулық салоны, ветерниарлық аптека, ауыл ішіне заманауи қоғамдық монша, нан және кондитерлік өнімдерін шығаратын наубайхана,  шағын жүн түтетін және қыз жасауларын жасайтын, ағаш және полителен өнімдерін жиһаз бұйымдары жасайтын шағын цехтар қажет) Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясындағы жұмыстарды жандандыру.

5. Мәдениетті арттыру, жастарды патриоттық сезімге баулу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы –  тұрғындары арасында шағын құқықбұзушылық, жемқорлық, теріс дени ағымдарға түсіп кетпеуден инмунитет қалыптастыру.

 


Nurusheva AНурушева Айнұр Бақытжанқызы 1989 жылы Теректі ауданы Аңқаты ауылында дүниеге келген.  1 қыз тәрбиелеп отыр. Ұлты қазақ. Жоғары білімді, мамандығы – тарих.

Еңбек жолын 2010 жылы Ақжайық ауданы Чапаев №1 жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

2013-2015 жылдары – Теректі ауданы Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

2015-2017 жылдары Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі әкімінің аппаратында  жетекші маман, бас маман.

2017-2019 жылдары Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келеді.

 

Сайлауалды бағдарламасы

1. Ауылішілік жолдарды жөндеу және күтіп ұстау.

2. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

3. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүргізу.

4. Инвестиция тарту, бизнес саласында жаңа жұмыс орындарды ашу, жаңа табыс көздерін іздеу жұмыстарын ұйымдастыру

5. Халықтың әлжуаз топтарының әлеуметтік бағдарламаларға белсенді қатысуына ықпал ету.