Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі бірнеше бөлімнен тұрады. Олар – мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы төлемдері. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыскердің 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің қаражатынан еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерінің пайдасына аударатын 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар. Бұл мақалада БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері жайында әңгіме қозғалады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5  сұраққа жауаптар әзірледі.   

Ауданға жұмыс сапарымен БҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы, генерал - майор Жасұлан Жұмашев арнайы келіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында жиын өткізді.

Подстепное селолық округінің «Теректі» колледжі “Soft Skills - болашаққа қадам” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараның мақсаты қазіргі қоғам талаптарына сай аудан жастарының бойында жұмысқа қабілеттілік дағдыларды қалыптастыру, олардың коммуникативтік, жаңа ортада бейімделу, түрлі эмоционалдық және психологиялық күйзеліске тұрақтылық қабілеттерін дамыту және көшбасшылық пен ынтымақтастықты күшейту.

1. Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?   

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да   хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.