рисунок

Жаз мезгілінде өзен, көл жағасында жақсы дем алып, уақытты жақсы өткізуге болады. Алайда, өкінішке орай, көп жағдайда суда қайғылы оқиғалар орын алып отырады. Теректі ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлерімен тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан суқоймаларында атап айтқанда Шалқар көлі, «Казенка» жағажайында рейд ұйымдастырылды.

рисунок

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде елордамыз – Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Тәуелсіздігіміздің айғағы – әнұранымыз шырқалған соң, аудан әкімі Кәрім Жақыпов барша тұрғынды айтулы күнмен құттықтап, міндеттерін адал атқарған үлгілі қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. 

2018 жылдың 26-27 наурыз күндері Подстепное ауылдық округіне қарасты Подстепное және Юбилейное ауылдарында округ әкімі Сержан Салембаевич Мадиевтың төрағалығымен қоғамдастық жиналысы өткізілді.

Жиналыста қаралған басты мәселе – ауылдардағы көшелерге жаңа атаулар беру және атауын өзгерту. Округ аумағында 34 көшеге жаңа атаулар беру және атауларын өзгертуді қажет етеді. Олардың атауын өзгерту, яғни, заманға, елдігімізге сай атаулар қою жөнінде округ бойынша ауыл тұрғындары С.Бекешов, С.Баубеков, А.Ротань, Қ.Ахметкалиев және К.Темиршеева, С.Жумагалиева және М.Бекжанов өз ұсыныс-пікірлерін айтты.

Пікірталастан соң көше атауларын өзгерту дауыс беру арқылы анықталды. Екі жиналыс қорытындысы бойынша қоғамдыстық округтегі 34 көшеге жаңа атаулар беру және атауларын өзгертілсін деген шешімге келді.

Акция

рисунок

Ағымдағы жылы  мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына  20 жыл толды. Осы айтулы датаға орай «20 игі іс» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Акция аясында аудандағы мемлекеттік қызметкерлер қан тапсырды.  

27 06 18 news 1

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен залында депутат Ерсайын Нәсіповтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары және депутаттар қатысты.

рисунок

Бүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов Теректі ауданына жұмыс сапарымен келді.

Қарттық шақта қамсыз өмір сүру үшін қандай қарекет жасау керек? Менің зейнетақы шотымда қанша қаржы жиналды? Зейнетақы активтерінің табыстылығы қандай? Бұл сауалдар зейнетақы қорына жарна жинап жүрген әрбір азаматты толғандыратыны анық.  Қазақстандықтардың осы сарындас сұрақтарға жан-жақты жауап алуға мүмкіндігі бар. 20 маусым күні Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық өңірлік филиалдарында Ашық есік күні өтеді. Жұртшылықпен кезекті кездесудің тақырыбы  - «Зейнетақы жинақтары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».  Шара қарсаңында біз Қордың   облыстық/қалалық филиалының директоры ------   әңгімеге тартқан едік.