рисунок

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы БҚО бойынша Департаментінің қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысын талқылау мақсатында жиын өтті.

рисунок

Бүгін Астандағы ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау шарасы болды.

рисунок

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы өкімімен Шарафутдин Қуаныш Серікұлы Теректі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

рисунок

Аңқаты орта мектебі базасында аудандық білім беру бөлімі аудан мектептерінің директорлары мен олардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының білім-біліктілігін жетілдіру, басшылық құрамды білім берудегі жаңа реформаларды қолдау және жүзеге асыруда құзіреттілікпен жұмыстануға бейімдеу мақсатында ұйымдастырған «Өсу векторы» мектебінің қысқы сессиясы аяқталды.

рисунок

Шараға ауданның 30 негізгі және орта білім беретін мектептерінен 350 оқушы қатысты. Олимпиадаға қатысушы оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, информатика, құқық негіздері, ағылшын тілі және география пәндері бойынша білімдерін сынады.

10 12 18 news 10

Ақ Жайықтан түлеп ұшқан, нәзік те сырлы өлеңдерімен жүректерді жылытқан, туған елін жыр бесігінде тербетіп жүрген, бүгінде қазақ поэзиясы айдынының «Ақ шағаласы» атанған - Ақұштап Бақтыгерейқызы «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 7 қарашадағы № 794 "Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру" туралы жарлығына сәйкес "Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегері" атанды.

рисунок

Теректі ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша "Бірлік" қоғамдық бірлестігі мен аудандық мешіттің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде мәуліт мерекесі аталып өтті. Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілінің наиб имамы Е.Иxсанов, Теректі ауданының әкімі Ә.Жоламанов және аудан тұрғындары қатысты.