Теректі аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі К.Жақыповтың төрағалық етуімен көктемгі далалық егіс жұмыстарын жүргізу және мал шаруашылығын дамыту жөнінде жиын өтті. Оған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ж.Халиуллин, ауыл шарушылығы тауар өндірушілері, қожалық басшылары, мекеме басшылары қатысты.

Аудан әкімі К.Жақыповтың және аудандық сала басшыларының қатысуымен өтіп жатқан «Ашық Әкімдік» ашық есік күні мен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі Шаған, Подстепное, Ақсуат ауылдық округтерінде де жалғасты. Аталмыш мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінен алдын ала құлақтанған ауыл халқы, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алу үшін көптеп келді. Бірі жұмыс көзін тауып беруді өтініп келіп жатса, екіншілері атаулы көмек алудың талаптарын білгісі келетінін жеткізді.

Мәдениет үйінің залында аудандық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелеріне арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша нұсқаулық өткізу» семинар – кеңесі өтті.

Мәдениет үйі сахнасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес берілген тапсырмаларды жүзеге асыру және  ұлттық ойындарымызды кеңінен насихаттау мақсатында тұңғыш рет  «Мұрагер» аудандық жарысы оздырылды.

"Ашық Әкімдік» ашық есік күні мен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі Шағатай, Ақсоғым, Ақжайық ауылдық округтерінде аудан әкімі К.Жақыповтың, аудандық мәслихаттың хатшысы А.Нұрғалиевтың және сала басшыларының қатысуымен өз жалғасын тапты.

19 04 18 news 1

Достық үйінде ҚР зейнетақы жүйесін модернизациялау бойынша негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Тоғжанов төрағалық етті.

18 04 18 news 4

2018 жылдың 17 сәуір күні Шалқар, Анқаты, Ұзынкөл ауылдық округтерінде аудан әкімі К. Жақыпов, аудандық мәслихат хатшысы А.Нұрғалиев, сондай ақ аудандық сала бөлімдері басшыларының қатысуымен «Ашық әкімдік» ашық есік күні өткізілді. Бұл шарамен қоса мемлекеттік қызмет көрсетулер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.