31 наурыз күні аудан әкімдігінің кіші залында қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті. Жиында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Бахитовтың күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша ақпараты тыңдалды.

Сәуір айының алғашқы жексенбісі республикамыз бойынша геологтар күні тойланады. Осы орайда Теректі ауданы әкімінің орынбасары В.Кушнер облысымыздағы іргелі ұжым «Жайықгидрогеология» ЖШС-іне ат басын бұрып, жыл он екі ай бойы күннің бетінде, желдің өтінде жүріп, нәсіптерін кәсіптерінен тапқан жандарды мерекемен құттықтады.

Бүгін Федоров №1 жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім беру ұйымдарының басшылары бас қосты. Жиынға аудан әкімі М.Мұқаев, аудандық Мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев, білім беру бөлімінің басшысы Д.Сапаров, бастауыш, негізгі және ЖОББМ-нің директорлары қатысты.

1. Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бере ала ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенімді қорғалған.

Аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары В.Кушнердің төрағалық етуімен мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті дамыту турасында жиын өтті. Оған БҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы С.Нұрмағанбетов және Теректі ауданы әкімі М.Мұқаев қатысты.

1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» (World Theatre Day) деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында осынау мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді. Бұл мереке аудан көлемінде де ескерусіз қалмады. Құрылғандарына 2 жылдың жүзі болған «Дат» театры ұжымы атаулы датаны тойлау мақсатында бас қосты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО департаментінде «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылады.