5 мамыр күні  аудандық Мәдениет үйінде Мəдени демалыс орталығының жəне жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен "Жігіт сұлтаны - 2017" байқауы болып өтті.

Жеңіс күні қарсаңында Достық үйі қызметкерлері арнайы тыл еңбеккерлері үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып, дастархан жайды.

3 мамыр күні орталығымыздың балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен ересектер арасында «Теректі Барысы» атты аудандық іріктеу жарысы ұйымдастырылды. Шараның салатанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Федоров ауылын абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша аудан басшысы М.Мұқаевтың төрағалығымен жиын өтті. Басқосуда АІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Насимуллин аудан тазалығына қатысты осы кезге дейінгі жүзеге асқан шараларды баяндады.

Жуырда орталығымыздың дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай ерлер арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Шараның ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Хусаинова сөз алып, ойыншыларды мерекемен құттықтады. Турнирге Федоровка, Аңқаты, Ақсоғым, Долин, Шағатай, Ұзынкөл, Приречный, Покатилов, Шаған ауылдық округтерінің командалары қатысты.

Бүгін аудан орталығы Федоровка ауылында 1-мамыр "Қазақстан Халқының бірлігі"күніне орай концерттік бағдарлама өтуде.

Баршаңызды нұр шашқан көктем мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. «Ырыс алды - ынтымақ» деп, ұлт-ұлысқа бөлмей байтақ құшағына көпұлтты халықты сыйғызған Қазақстан Республикасы - әлемде жарасқан бірлігі, тату- тәтті тірлігімен танылған ел. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық дамуы - Елбасы бастауымен жаңғырту жолына «жұдырықтай жұмылған» барша қазақстандықтардың еңбегінің жемісі. Ардақты ағайын!

Талай сындардан абыроймен өткен, рухы биік, ынтымағы берік аудан халқының қандай істе болса да табысқа жетеріне сенімім мол. Сіздерге мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, барлық мақсатты істеріңіз бен ізгі бастамаларыңыздың орындалуын тілеймін. Ұлы достық мекенін өркендету жолында бірлікпен еңбек етейік.

Аудан әкімі Мұрат МҰҚАЕВ