Барша тіршілік атаулы оянып, Жер-ана бусана бастайтын ұлық мерекемізді теректіліктер аудан орталығындағы Достық үйі алаңында тойлады.

Аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында автив жиналысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Виталий Кушнер төрағалық етті. Жиынға аудан әкімнің орынбасарлары, ауданның құрметті азаматтары және  мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде жаңа тағайындалған прокурорды таныстырып, жұмысына сәттілік тілеу болды. Алдымен сөз алған облыс прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Александр Цуранков ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қысқаша тоқталды. Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына заң орындарының қызметкерлері де өз үлестерін қосуы керектігін тілге тиек қылды. Одан кейін облыс прокурорының орынбасары ауданымызға жаңадан тағайындалған прокурор, кіші әділет кеңесшісі Равиль Мәжитовты таныстырды.

Зейнетақы жинақтарының сақталуы – әрбір қазақстандықты толғандыратын келелі мәселелердің бірі. Бүгінгі салымшылардың басым бөлігі ондаған жылдардан кейін зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсіну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшін «Зейнетақымыздың сақталатынына кім кепіл?» деген  сылтау айтады. Шын мәнісінде Қазақстан азаматтардың зейнетақы жинақтарының зейнетке шығу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып   сақталуына кепілдік беретін бірден –бір елдердің санатында екенінен халықтың көпшілігі бейхабар . 

Бүгін Теректі ауданындағы Достық үйінде қазақтың ақбас тұқымының республикалық Палатасының практикалық семинары өтті. Оған аудан әкімі Кәрім Жақыпов, көршілес Ақтөбе, Атырау облыстарының шаруашылық басшылары және облысымыздың барлық аудандарынан өкілдер қатысты.

Көрісу мерекесі – көктемнің шуақты күндерімен қатарласа жетіп, күллі халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауымен құнды. Сонымен бірге, бұл мереке бауырмалдықты, өкпе-ренішті ұмытуды насихаттап, қазақы дархан мінезімізді тағы бір мәрте паш етуге берілген керемет мүмкіндік.

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Ауданның ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің агроөнеркәсіпті дамыту» тақырыбында аудан әкімінің орынбасары Лауаз Уалиевтың торағалығымен кеңес болып өтті. Оған областың сала басшыларымен қатар, ауданның, ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары, мекеме басшылары, жергілікті мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері, ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтерінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Таяуда Орал қаласында "Батыс жұлдыздары" атты аймақтық би байқауы өтіп, аудан намысын қорғаған "Жұлдыз" үлгілі би ансамблі жоғары деңгейде өнер көрсетті.