рисунок

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз келді.

Халқымызда «Әз болмай, мәз болмас» деген даналық сөз бар.

Күн мен түн теңескен, мал аузы көкке, адам аузы аққа іліккен осы күнді ата-баба «Жаңа күн келді» деп қуана қарсы алған. Ғасырлар жылжып, қилы заман өтсе де, бабаларымыз ұлы күнге балаған Наурызды тойлау - ескірмес дәстүр.

Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен ынтымақтың мерекесі.

Көпті көрген дана қариялар: «Қасиетті көк тасты балқытатын Наурыз тойында – көктем шуағымен көңіл кірі шайылып, көкіректе реніш қалмауы керек»,- дейді.

Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тапқан.

Дорогие теректинцы!

Наурыз – это не только праздник встречи Нового года по древнему обычаю. Это праздник обновления, пробуждения. В этот день, когда природа радуется весеннему теплу, пусть праздник войдет в ваш дом хорошим весенним настроением, щедрым дастарханом и радостью.

Желаю вам добра и согласия, достатка и изобилия, спокойствия и доброго будущего!

Ардақты ағайын!

Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, көңіліңіз мейірімділік пен шапағатқа толы болсын! Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Әр үйге молшылық, бақыт, береке тілеймін! Жылдан-жылға аман-есен жетейік!

Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов