рисунок

Ұлыстың ұлы күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев "Наурыз нұры" шарасын ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Балаларға сый-сияпат жасап, нағыз жаңа жылдық мереке өткізуді ойға алған еді. Қазіргі әлемді жайлаған індетке байланысты бұқаралық шараны өткізу балалардың денсаулығы үшін қауіпті. Дегенмен, облыс басшысы ұлттық жаңа жылымызда балаларды қуантудың жолын тапты. "Наурыз нұры" қоржындарын әр ауданға таратып, иесіне табыстауды аудан басшылығына тапсырды.

Біздің ауданда да облыс басшысының сыйлығы қоғамдық белсенді, оқуда озат оншақты балаға табыс етілді. Сәлемдемені жеткізген аудан әкімі орынбасарлары бас сұққан шаңырақтарды келе жатырған Наурыз мерекесімен құттықтады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок