рисунок

Осы күнге орай аудандық «Қазына» коворкинг-орталығында «Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында Ауған соғысының ардагерлері, олардың аналары, жолдастарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында ардагерлер өзінің әңгімелерін айтып, домбыра үнін тыңдап, балалардың қаруды уақытымен жинау өнерін көріп, сұрақтарына жауап берді.

Кітапхана қызметкері Э.Болатова "Бір кітаптың мұражайы" айдары аясында Ауған соғысының ардагері, еліміздің белгілі мемлекеттік және қоғам қызметкері Бақытбек Смағұлдың "Тозақ тағдыры" кітабы туралы шағын презентация жасады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок