рисунок

Теректі ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтулешов келді.

Мемлекеттік инспектор сапарын Подстепный ауылындағы қазақ мектебінен бастады. Бұл мектепте басты мәселе – бала тығыздығы. Сабақ қазір 3 ауысымда жүргізіледі.

Әрі қарай ол Әйтиев ауылына жетті. Ауыл шетіндегі «Теректі өнімдері» ЖШС жылыжайын көріп, иесі Нариман Купешовтен өндіріс жағдайына қанықты. Жылына екі мәрте жиын-терім жүргізуге болатын жылыжайдан қазір 2-3 күн сайын 300-400 келі қияр облыс аумағына саттыққа жөнелтіліп жатқан көрінеді.

Келесі нысан – «Теректі май комбинаты» ЖШС. Аудан, облыс тұрмақ, шетелге өсімдік майын жеткізіп тұрған өндірістің қарқыны бар. Күнбағыс дәндерінен май сығып, қалдықтарын да мал азығына пайдаға асырып жүр.

Долин ауылындағы 1967 жылы іске қосылып, содан бері жөндеу көрмеген орта мектеп ғимараты жайымен танысқан Дәурен Байтулешов бұл жерде тек күрделі жөндеу ғана емес, жалпы ауылға көгілдір отын да керек екендігін байқады.

Сапар соңында мемлекеттік инспектор аудан орталығындағы «Қазына» коворкинг орталығы мен жаңа кәсіпкерлік нысан – «Теректі» сауықтыру кешенінде болды.

рисунок

рисунок

Камелия ҚАРЕКЕСОВА