рисунок

Аудан орталығындағы "Deslet" мейрамханасында "Жыл үздігі-2019" жастар премиясы аясында Гранд бал өтті. Шараны ұйымдастырушы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы Теректінің жалынды жастарының басын қосты.

Гранд бал дебютанттары Вена вальсімен бастады. Дебютанттар арасында білім беру саласының қызметкерлері, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, ішкі істер саласының қызметкерлері, еріктілер, пікірсайысшылар, жастар жетекшілері және мәдениет саласының қызметкерлері болды.

Одан кейін аудан әкімі Әділ Жоламанов дәрігерлер мен ұстаздар арасында үздік атанған жас мамандарды марапаттады. 2019 жылдың үздік жас медицина қызметкері болып аудандық орталық аурухана дәрігері Мөлдір Таменова танылса, "Үміт" лингвистикалық гимназиясының мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Гүлмира Есенгельдиева "Үздік жас ұстаз" аталымында жеңімпаз атанды.

Дебютантар полонез биімен ортаны сәнге толтырды сосын. Аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев "Үздік жас спортшы" атанған Магистральный ЖОББМ түлегі, street workout секілді жаңашыл спорт түрін меңгеріп, аудан жастарына тегін үйретіп жүрген ерікті Нариман Исмагулов пен "Үздік жас өнерпаз" атанған Подстепный мәдениет үйінің директоры, бір-біріне ұқсамайтын шаралар ұйымдастырып, халықтың алғысын алып жүрген Айнұр Қуанышқалиеваға құрмет көрсетіп, сый ұсынды. Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева "Үздік жас ақын" аталымында жеңімпаз атанған "ҒАЗАЛ" жас ақындар клубының мүшесі, республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері, жайдарманшы Дәурен Шамұратовты марапаттап, қаламының жүйрік болуын тіледі. "Үздік жас ауыл шаруашылығы қызметкері" аталымында ветеринариялық станция басшысының орынбасары Алмас Юмалаев жеңімпаз деп танылды. Үздік маманды аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов марапаттады. Гранд балдың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан, ауданға келген жас маман, хореограф Әлия Жаркееваға аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы естелік сыйлық табыс етті.

Ақсуаттық белсенді жас Альмира Молдағалиева, Подстепный мәдениет үйінің өнерпаздары Айнұр Бейбітқызы, Аңсар Сагиев, Эльдар Сатқанов және тағы басқа өнерпаздар ән шырқап, Теректі аудандық "Ғазал" жас ақындар клубының мүшелері патриоттық өлеңдерін оқып берді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок