рисунок

Ия, Теректі аудандық "Дат" халықтық театрын халық қатты сағынған-тұғын. Ұжымнан мәнді, әсерлі қойылым күтіп, сол үміт бүгін ақталды.

"Құстар фестивалі" қойылымы теректіліктердің қызығушылығын туғызды. Сол қызығушылық залды лық толтырды. Расымен, бүгін теректілік тұрғындар рухани демалды. Театр ұжымы құстардың бейнесі арқылы қоғамдағы жағымпаздықты, сыбайлас жемқорлықты, әділетсіздіктерді дөп басып көрсете білді. Актерлық құрам сан түрлі. Дені жастар. Жанып тұр. Театрға деген махаббат, ынтызарлық сезіледі. Сол көрерменге берілді.

Қойылымды көзбен көрген аудан әкімі Әділ Жоламанов режиссер Жамбыл Заев пен актерларға алғыс білдірді. Бастысы, халықтың қошеметі. Қошемет болғанда да құлақта бірнеше күн жаңғырып тұрар қошемет!

Жарайсың, "Дат"! Оралу деген міне осындай болады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок