рисунок

«Жыл үздігі – 2019» облыстық жастар премиясына құжаттар қабылдау басталды. Қоғамның әртүрлі саласында үздік еңбек етіп, жоғары жетістікке жеткен жастар 12 аталым бойынша марапатталады.

Марапаттау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі: «Үздік жас көшбасшы», «Үздік студент», «Үздік кәсіпкер», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас спортшы», «Үздік тілші», «Үздік өнерпаз», «Үздік әлеуметтік сала қызметкері», «Үздік жас маман».

Арнайы аталымдар: «Қайсарлығы мен батылдығы үшін» және «Жыл жаңалығы».

16 мен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Өтінімдер 20 қарашаға дейін Комсомольская 64 мекен-жайы бойынша қабылданады.

Байланыс: 8 702 726 2524.