рисунок

Бүгін ұстаздар мерекесі қарсаңында аудан әкімдігінің кіші залында аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов шәкірт тәрбиелеуде еңбегі ерен ұстаздар қауымын қабылдап, мерекелерімен құттықтады. 

Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Білім саласындағы қызметкерлер мен оқытушыларды аудан әкімінің орынбасары Алтай Серғазыұлы кәсіби мерекесімен құттықтап, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі, жетістіктері үшін бір топ ұстаздарды марапаттады. Солардың ішінде отбасының барлық мүшесі ұстаздардан тұратын Ақжайық ауылының Қуанышқалиевтер жанұясына (Төлеген Қуанышқалиев – зейнеткер, еңбек өтілі – 43 жыл; Маруа Молдағалиева – жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі – 38 жыл; Айдана Қуанышқалиева – облыстық Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі; Бақыт Қуанышқалиева - жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі – 35 жыл; Гүлсая Сагитова – І санатты бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі – 21 жыл. Әулеттің жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 147 жыл) Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

«Жылдың мерейлі ардагері» аталымы бойынша аудандық мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев Абай атындағы ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі, мектеп директоры болған зейнеткер Ғайнеден Шалқаровты (еңбек өтілі – 42 жыл), Шаған ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Айсұлу Сыдықованы (еңбек өтілі – 39 жыл) және №1 Федоров ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Глухованы (еңбек өтілі – 30 жыл) құттықтап, Алғыс хат табыстады. 

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова да шәкірттері үшін қысы-жазы еңбек етіп, білім нәрімен сусындатқан мұғалімдерді мейрамдарымен құттықтап, «Жалынды жас маман», «Әдіскер ұстаз» аталымдары бойынша түрлі олимпиада, ғылыми жобалар жүлдегерлерін дайындаған бірнеше ұстаздарды марапаттады. 

Салтанатты шарада №1 Подстепный ЖОББМ оқушылары «Мектеп өмірі» атты көрініс қойды. Мәдениет үйінің өнерпаздары мен оқушылар «мектептің жаны – мұғалімдерге» (А.Байтұрсынов) әсем әнді асқақтатып, мың бұрала би билеп, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында №1 Федоров, Федоров қазақ ЖОББМ, №2 саз мектебінің педагогтары «Ұстазым» әнін хормен айтты.

Теректі Жаңалығы Басылымы

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок