Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы   Министрінің «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  2014 жылғы  12  желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылы 27 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінен тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға  қатысуға  өтінімдер  қабылдау басталғанын  хабарлайды.

Субсидиялар тұқым шаруашылықтары мен  ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің нақты сатып алған күздік дақылдардын элиталық тұқымы үшін; нақты сатып алынған элиталық жүзім мен жеміс-жидек көшеттері үшін жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге арналады.

Өтінімдерді «Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ,  "Азаматтарға арналған Үкімет" корпорациясы ағымдағы жылдың 1 қазаннан 10 қазаңға дейін қабылдайды.

Ауылшаруашылығы тауарөндірушілері Субсидиялау қағидаларына сәйкес 4,8 нысандар бойынша тапсырыстарын ұсынады.

Тапсырыстар жұмыс күндері, сағат 9-00ден 18-30 дейін қабылданады, түскі үзіліс – сағат 13-00 ден 14 -30 дейін.

Тапсырыс қабылдау орыны: БҚО, Теректі ауданы, Федоров ауылы Юбилейная  көшесі-20 мекен-жайында.  байланыс телефондары: 8(71132) 21-355,  8(71132)21073.