рисунок

Бүгін аудандық Мәдениет үйі алаңында қазақтың атақты жырауы, Теректі ауданының тумасы, жасынан өлең-жырға құмар болып, ақындық, жырау өнеріне машықтанған, атақты Шернияз ақыннан үлгі алған, Жұмырбай, Көкейқыз, Базар, Қашаған, Сүгір ақындармен айтысқан, эпостық шығармаларды кең насихаттаушылардың бірі - Марабай Құлжабайұлының туғанына 177 жыл толуына орай мүсін ашылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асқан игі шараға аудан әкімі Кәрім Жақыпов, өлкетанушы, профессор Жайсан Ақбаев, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Тасқала ауданының Құрметті азаматы Айтқали Нәріков, облыстық жастар шығармашылық орталығының жетекшісі Мәулет Жұбатов, бөлім басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

- Бүгін - ауданымыздың мәдени өмірінде ерекше есте қалар тарихи күн. Өскелең ұрпаққа өз өлкесінің әдеби байлығы мен бай мұрасын насихаттау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында ұлы тұлға - Марабай Құлжабайұлы мүсінінің ашылуына жиылып отырмыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай еліміздің барлық аймағында жергілікті тарихи тұлғалардың шығармаларын жаңғырту, халықтың ортақ игілігіне айналдыру үрдісі басталғаны баршаңызға мәлім. Осы орайда жерлесіміз Марабай жыраудың әдебиетімізге қосқан үлесін дәріптеп, бүгінгі жас ұрпақтың зердесіне жеткізуді борышымыз деп санаймыз. Марабай Құлжабайұлы - алмағайып заманда өмір сүріп, өзі туған өңірдің тарихи кезеңі мен тұлғаларын сомдаған пайымды парасат иесі. Оның шығармалары мәңгілік рухани мұра болып қала бермек, - деді алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Кәрім Кәрімоллаұлы.

Өлкетанушы, профессор Жайсан Досболатұлы мен ақын Айтқали Нұрышқалиұлы қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған атақты жыраудың мүсінін ашу құрметіне ие болды. Аудан тұрғындарымен бірге Марабай жыраудың басына гүл шоқтарын қойған облыстан келген қонақтар дана да дара, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың Марабай жыраудан үлгі алғанын, «Марабайдан артық ақынды мен білген емеспін» деп жоғары бағалағанын айтып, сүйікті Отанымыздың нағыз патриоты болуға үндейтін жырларынан сыр шертті. 

Салтанатты шара Мәдениет үйінің концерт залында жалғасын тапты. Әнші, термеші, халықаралық, республикалық жыршылар байқауының бас жүлдегері Фархат Оразов рухани мұрамыз - «Қарасай батыр» және «Қази» жырларын орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок