20 09 18 news 8

Осындай атаумен аудан орталығындағы Федоров қазақ ЖОББМ-де апталық өткізілді.

Апталық аясында мектеп тәлімгері М.Нұрсұлтанова акция, психолог Г.Кенжеғалиева «XXI ғасырдағы ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында республикалық жалпыұлттық ата-аналар жиналысын, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Абуғалиев 2-4 сынып ата-аналарына «Ата-анам және мен» тақырыбында дөңгелек үстел және «Әкем, шешем және мен»,» тақырыбында 2-4 сынып ата-аналарының қатысуымен спорттық сайыс өткізілді.
Сонымен қатар, сурет пәні мұғалімі А.Қосжан «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырып, балалардың шығармашылық қабілетін шыңдауға өз үлесін қосты.

20 09 18 news 8

20 09 18 news 8

Галина Құрматова,
Федоров қазақ ЖОББМ директоры