Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы   Министрінің «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  2014 жылғы  12  желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылы 27 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінен тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға  қатысуға  өтінімдер  қабылдау басталғанын  хабарлайды.

Субсидиялар тұқым шаруашылықтары мен  ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің нақты сатып алған элиталық тұқымы үшін;  нақты сатып алынған бірінші репродукциялы майлы дақылдар, біржылдық және көпжылдық шөптер, арпа, картоп; нақты сатып алынған бірінші ұрпақтағы будандалған жүгері, күнбағыс; нақты сатып алынған элиталық жүзім мен жеміс-жидек көшеттері үшін жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге арналады.

Өтінімдерді «Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ,  "Азаматтарға арналған Үкімет" корпорациясы ағымдағы жылдың 3 мамырдан 15 маусымға дейін қабылдайды.

Тапсырыстар жұмыс күндері, сағат 9-00ден 18-30 дейін қабылданады, түскі үзіліс – сағат 13-00 ден 14 -30 дейін.

Тапсырыс қабылдау орыны: БҚО, Теректі ауданы, Федоров ауылы Юбилейная  көшесі-20 мекен-жайында.  байланыс телефондары: 8(71132) 21-3-55,  8(71132)21073.