рисунок

Сейсенбі күні аудан әкімдігінде аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлері және округ әкімдері басқосқан жиналыс өтті.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Армат Байғазиев жүргізген жиналыстың күн тәртібінде бюджеттік қаражатты игеруден бастап, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік рәміздерді стандартқа сәйкестіру, бағдарламаларды тиімді іске асыру және тағы басқа да аудан өміріне байланысты мәселелер қаралды.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытжан Митанов нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру жөнінде мәлімет берді. Аудандық жұмыспен қамту жәәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова бөлім құзіретіне кірісті атқарылып жатқан бағдарлама-шаралар жайын баяндады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, ауылдық округтерде «Ашық әкімдік» ашық есік күндерін ұйымдастыру туралы аудан әкімі аппаратының құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Айзада Сарсенова айтып өтті. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Айнұр Қанатова мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту, көп балалы аналарды мемлекеттік наградаға ұсыну кезінде туындайтын кемшіліктерге тоқталды.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің басшысы Ержан Абуталиев аудан әкімі тапсырмаларының орындалуы, округ әкімдерінің айлық есеп беруі, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, «Е-халық» бағдарламасын жүргізу және халық көтерген мәселелерді орындау туралы айтты. Және қызметтік ресми интернет-ресурстарды ашу және жүргізу керектігіне тоқталды.

Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі жөнінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы Алма Сагубаева жеткізе айтты.

рисунок