Ауданға жұмыс сапарымен БҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы, генерал - майор Жасұлан Жұмашев арнайы келіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында жиын өткізді.

Аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі К.Жақыпов, аудандық бөлім басшылары және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім қызметкерлері қатысты. Департамент басшысы жолдауда көрсетілген бағыттарға кеңінен тоқталып, оны жүзеге асыруда белсенділік қажеттігін баса айтты.

- Жолдаудың ерекшелігі – күрделі және екпінді өзгертер заманда технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерде төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында инновацияларды енгізуге бағытталған индустрияландыру басты назарға алынған. Бұрыннан қойылған барлық ұзақ мерзімді мақсаттар өзгеріссіз қалады. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің Президент аппаратының ұсынысымен дайындаған әдістемілік құралдары әр қызметкерде болуы тиіс. Жолдауда көрсетілген он тапсырманы жұмыла жүріп насихаттап, үлес қосу үшін жұмысымызға қарқын қосқан абзал,-деді генарал-майор Жасұлан Қыдырғожаұлы.

Аудан әкімі К.Жақыпов өз кезегінде ақпараттық-насихат жұмыстарын алғаш боп ауданымыздан бастаған департамент басшысына алғыс білдірді