Подстепное селолық округінің «Теректі» колледжі “Soft Skills - болашаққа қадам” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараның мақсаты қазіргі қоғам талаптарына сай аудан жастарының бойында жұмысқа қабілеттілік дағдыларды қалыптастыру, олардың коммуникативтік, жаңа ортада бейімделу, түрлі эмоционалдық және психологиялық күйзеліске тұрақтылық қабілеттерін дамыту және көшбасшылық пен ынтымақтастықты күшейту.

Шара аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мирхат Ибраев мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы консультациялық қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Белен Ашимов жүргізді. Семинарға қатысушы жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіруші студенттер мен жұмыс іздеуші жастар қатысты. Жастардың ойынша, аталмыш бағыттағы семинар-тренигтердің маңызы өте зор. Себебі болашаққа деген өз-өздеріне сенімділікті күшейтуге және командада жұмыс жасауға негіз болады. 

 Сонымен қатар, дәл осы күні Подстепное селолық округінде округ аумағындағы волонтерлерді оқыту мақсатында «Жарқын болашаққа нық қадам!» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Шара жастардың бастамаларын қолдау бөлімінің кеңесшісі Жандауов Оралбек Олжасұлының төрағалығымен өткізілді. Шара барысында кеңесші маман еріктілерге жастардың қызығушылықтарын ояту жолдарын, шараларға тарту амалдарымен бөлісті. Сонымен қатар, семинар-трениг барысында түрлі викториналық сұрақтар қойылып, арнайы тренигтер жүргізілді.