Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының жаңа Жолдауы түсіндіріліп, талқыланды. Шара  аудандық әкімінің орынбасарлары, маслихат депутаттары, мекеме және кәсіпорын басшылары, мамандары, қоғамдық  ұйым және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес,  «Нұр Отан» партиясының аудандық фиалиалы төрағасының бірінші орынбасары Вячеслав Мукашев сөз сөйлеп, жолдаудың басымдылықтарын баяндады. Кейін аудан әкімінің орынбасары А.Тукжанов Жолдаудың жетінші бағыты - адам капиталды дамытуға тоқталып, білім жүйесі дамуының маңыздылығын айтты. Сонымен қатар ауданның құрметті азаматтары да өз ойларын білдірді.

"Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасының биылғы Жолдауы 10 басымдықтан тұрады. Бұл елдің одан әрі өркендеп, тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін шешілуі тиіс міндеттер.

Елбасының жолдауы, жылдағы дәстүрге сай кеңінен насихатталатын болады. Ол үшін үгіт-насихат топтары құрылып, барлық еңбек ұжымдарында түсіндіріледі.