12 қаңтар күні аудан әкімі Кәрім Жақыпов қоғамдық кеңес алдында Теректі ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебін берді. Кеңес отырысына облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысты. Шара барысында аудандық мәслихатының хатшысы Әлжан Нұрғалиев сөз сөйлеп, есептік жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Аудандық  Қоғамдық кеңес төрағасы  Ғұсман Қатабаев 2017 жылғы отырыстарда қаралған мәселелер туралы айтып, кеңес жұмысына тоқталды.

Отырыс соңында кеңес мүшелері аудан әкімінің есебіне оң баға берді. Өз сөзінде, облыстық мәслихат хатшысы  қоғамдық кеңестің қазіргі қоғамдағы рөлін айтып, пікірін білдірді.