«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасының «Кең ауқымды түсіндірме жұмыстары» І бағыты аясында 19-20 қыркүйек күндері Теректі ауданында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов бастаған ақпараттық-түсіндіру тобы құрамында ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, БҚО ДІБ-нің «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның бөлім басшысы С.Сақауова 2 күнге жоспарланған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ең алдымен аудан әкімінің орынбасары А.Тукжановтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық АТТ мүшелерімен кездесу өткізді.

Ақпараттық түсіндіру тобының ауданға келгендегі негізгі мақсаты – діни экстремизм мен терроризм мәселелерінің алдын алу бағытында зайырлы орталар мен діндар жамағатты қажетті мәліметтермен ақпараттандыру.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов Федоровка №1 ЖОББМ-де жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, діни ағымдар жөнінде, олардан сақтану жолдары, әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарында теріс діни ағымдардың топтарына кірмеуге, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Түске дейін Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен семинар өткізді.

Түстен кейін БҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Абдрахманов Азамат Талғатұлы мен орталықтың теологы Қожагелдиев Бауыржан Убалғанұлы Федоровка қазақ ЖОБММ-де жоғары сынып оқушыларымен, аудандық достық үйінде медицина саласының қызметкерлерімен және оқушылардың ата-аналарымен кездесулер өткізілді.

Кездесулер барысында діни ағымдар жөнінде, олардан сақтану жолдары туралы түсіндіріп, қатысушыларға дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша ақпараттық-танымдық материалдар жинағы үлестірілді.

Осы күні аудандық орталық мешітте имамдар, молдалық қызмет атқарушылар, діни жамағатпен кездесуі болып өтті.

Жиналғандарға өкіл имам ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі (РАНТ), теолог маман Бауыржан Отарбаевты таныстырды, соңынан РАНТ мүшесі «Ханафи мазхабының фиқһы» бойынша уағыз-насихат айтып, жамағаттың қойған сұрақтарына жауап берді.

Жобаның алғашқы күнінде 300-ге жуық адам қамтылды.