Өткен аптада аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжановтың төрағалығымен округ әкімдері, бөлім басшылары, кәсіпкерлік палатасы, кредиттік серіктестік өкілдері жиналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.

Бағдарлама қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; жаппай кәсіпкерлікті дамыту; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыттарында жүзеге асады.

Бағдарламаның бірінші бағыты – кәсіптік оқумен қамтамасыз етуде қатысушыларға мемлекеттік қоолдау көрсетіледі. Яғни, оқу тегін. Степендия, жүріп-тұру, тұрғын жай шығыны төленеді.

Екінші бағыт – кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы облыс бойцынша жоспарланған 938 адамның 301 оқуын тәмамдады. ішінара несиелеуге қол жеткізгендер бар.

Семинар жұмысында «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің директоры, ғылым кандидаты, доцент Үмбетқали Жаңабеков, «БҚО Азаматтық альянс Ассоциациясы» бірлестігінің директоры Жаннат Танабаева осы бағдарламаны түсіндіру, жүзеге асыру және жетілдіру жолдары жөнінде баяндама оқыды.          

Бағдарламаның ауылдық округтерде жүзеге асырылуының тәжірибелік қырларынан «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының» заңгері Тельман Жусупов тренинг жүргізіп, оған округ әкімдері жаппай қатысты. Семинар соңы тестілеумен аяқталды.