Өткен аптада аудан әкімдігінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Ауылдық округтар қоғамдық кеңесі өкілдері, аудан әкімінің орынбасары В.Кушнер, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев қатысқан отырысты аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ғ.Қатабаев жүргізді.

Отырыста аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Бахитов ауыз суды тиімді пайдалану туралы баяндады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ә. Лұқпанова әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде ақпарат ұсынды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Досмақов субсидияны мақсатты пайдалануды бақылау жайын айтты.

Аудандық білім беру бөлімі басшысы Д.Сапаров жаңа оқу жылының басталуына дайындық жөнінде толық мәлімет берді.

Қызу пікірталас пен ширақ ұсыныстар түскен отырыс соңын Ғ.Қатабаев қортындылап, шешімдер хаттамаға салынды.