19 04 18 news 1

Достық үйінде ҚР зейнетақы жүйесін модернизациялау бойынша негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Тоғжанов төрағалық етті.

18 04 18 news 4

2018 жылдың 17 сәуір күні Шалқар, Анқаты, Ұзынкөл ауылдық округтерінде аудан әкімі К. Жақыпов, аудандық мәслихат хатшысы А.Нұрғалиев, сондай ақ аудандық сала бөлімдері басшыларының қатысуымен «Ашық әкімдік» ашық есік күні өткізілді. Бұл шарамен қоса мемлекеттік қызмет көрсетулер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

18 04 18 news 1

Өзектілігімен ерекшеленген қабылдау Шалқар, Анқаты, Ұзынкөл ауылдық округтерінде аудан әкімі К. Жақыповтын, аудандық мәслихат хатшысы А.Нұрғалиевтың сондай ақ аудандық сала бөлімдері басшыларының қатысуымен «Ашық әкімдік» ашық есік күні өткізілді.

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы   Министрінің «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  2014 жылғы  12  желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылы 27 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінен тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға  қатысуға  өтінімдер  қабылдау басталғанын  хабарлайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған.  

Бүгін Теректі ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысты қарау үшін жиналыс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні аудандық сенбілік жұмыстары өтетіндігін хабарлаймыз. Аталмыш шараға бірлесе, жұмыла қатысуларыңыз сұралады. Ауданымыздың тазалығы – өзіміздің абыройымыз десек, осы хабарламамызға атүсті қарамасаңыздар екен. Әр тұрғын өз ауласын, яки өз көшесін таза ұстауға ұмтылса аудан да таза болмақ.