Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№ 6-4                                                                                        2016 жыл 08 тамыз

 

Теректі аудандық мәслихатының

2016 жылғы 29 сәуірдегі

№3-2 «Теректі ауданында жиналыстар,

митингілер, шерулер, пикеттер және

демонстрациялар өткізу тәртібін

қосымша реттеу туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 29.08.2016 жылы №4540 болып енгізілді

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі №3-2 «Теректі ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4413 тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырдағы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:  

«Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

2. Теректі аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (В. Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрайымы                                                              Ж. Уразгалиева

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                            Ә. Нұрғалиев 

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Теректі ауданында жиналыстар,

митингілер, шерулер, пикеттер және

демонстрациялар өткізу тәртібін

қосымша реттеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес Теректі ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2. Теректі аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (В. Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                 Т. Батыров     

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                            Ә. Нұрғалиев   

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

№9-1                                                                                          2016 жыл 23 желтоқсан

 

2017-2019 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 13.01.2017 жылы №4661 болып енгізілді

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2017 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 6 095 768 мың теңге:

салықтық түсімдер - 1 093 704 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 4 260 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 12 400 мың теңге;

трансферттер түсімі - 4 985 404 мың теңге;

2) шығындар - 6 095 768 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 187 193 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 187 193 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -187 193 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 187 193 мың теңге:

қарыздар түсімі - 187 193 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

2. 2017 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №8-2 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4628 тіркелген) және осы шешімнің 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасының «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 бабы мәліметке және басшылыққа алынсын.

4. 2017 жылға арналған аудандық бюджетте жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің түсуі ескерілсін:

1) республикалық бюджеттен жалпы сомасы 670 079 мың теңге:

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға - 7 611 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызмет көрсетуіне - 220 мың теңге;

«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге - 11 101 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға - 6 588 мың теңге;

жастар практикасына - 14 295 мың теңге;

тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге - 4 354 мың теңге;

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге - 4 232 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 123 мың теңге;

Жаңа Өмір ауылындағы толық жоспарлау жобасы электрмен жабдықтау желісінің құрылысына - 109 362 мың теңге;

Новопавловка ауылындағы су құбырын қайта құруға - 150 000 мың теңге;

Ақжайық ауылындағы су құбырын қайта құруға - 100 000 мың тенге;

Аңқаты ауылындағы су құбырын қайта құруға - 75 000 мың тенге;

әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін мамандарға берілетін бюджеттік кредиттер - 187 193 мың теңге;

2) облыстық бюджеттен жалпы сомасы 226 841 мың теңге:

үштілді білім беруді дамыту Жол картасын іске асыру мақсатында тілдік курстарда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға - 25 994 мың теңге;

мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа оқу бағдарламаларының енуіне және 1, 2, 5, 7 сыныптарға жаңа оқулықтар шығуына байланысты оқулықтар сатып алуға - 92 397 мың теңге;

Федоровка ауылындағы мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге - 2 647 мың теңге;

Жаңа Өмір ауылындағы толық жоспарлау жобасы электрмен жабдықтау желісінің құрылысына - 24 508 мың теңге;

Ақжайық ауылындағы толық жоспарлау жобасы электрмен жабдықтау желісінің құрылысына - 1 983мың теңге;

Ақсуат ауылының су құбырын қайта құруға - 48 046 мың теңге;

Сары Өмір ауылындағы 62 үйге су құбырының құрылысына - 31 266 мың теңге.

5. 2017 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция сомасы 4 275 677 мың теңге түсімдер көзделсін.

6. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2017 жылдың кірістерін бөлу нормативі келесі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100% есепке алынады;

2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100% есепке алынады.

7. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

8. 2017 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер, жалпы сомасы 85 080 мың теңге, 4- қосымшаға сәйкес белгіленсін.

9. 2017 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 22 200  мың теңге көлемінде бекітілсін.

10. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметші болып табылатын және республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 25% жоғары лауазымдық айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

11. 2017 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп саласының мамандарына көтерме ақы және тұрғын үй сатып алу және салу үшін әлеуметтік көмек көзделсін.

12. 2017 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5- қосымшаға сәйкес бекітілсін.

13. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В. Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

14. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

қосымша

 

Сессия төрағасы                                                                 М. Ибраев

 

Аудандық

 

мәслихат хатшысы                                                            Ә. Нұрғалиев

Теректі аудандық мәслихаттың

ШЕШІМІ

№8-1                                                                                          2016 жыл 7 желтоқсан

 

Теректі аудандық мәслихатының

2015 жылғы 25 желтоқсандағы

№32-2 «2016-2018 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 21.12.2016 жылы №4632 болып енгізілді

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №32-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4221 тіркелген, 2016 жылғы 16 қаңтардағы «Сатып Алу Ақпарат» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1- тармақта:

1) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кірістер - 5 750 161 мың теңге:»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«трансферттер түсімі - 4 799 554 мың теңге;»;

2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) шығындар - 5 889 736 мың теңге;»;

4- тармақта:

1) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) республикалық бюджеттен жалпы сомасы 1 268 968 мың теңге:»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға - 1 699 мың теңге;»;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын және жарық беретін құрылғылармен жарақтауға - 1 313 мың теңге;»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыздандыру нормаларын көбейтуге - 3 198 мың теңге;»;

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сондай-ақ оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге - 936 463 мың теңге;»;

сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының деңгейін арттыруға - 63 000 мың теңге;»;

мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

«цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға - 21 328 мың теңге;»;

2) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2) облыстық бюджеттен жалпы сомасы 320 420 мың теңге:»;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағуға -    5 870 мың теңге;»;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«білім беру ұйымдарына бейне бақылау жүйесін қондыруға - 4 302 мың теңге;»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жалпы білім беретін мектептеріне компьютерлер сатып алуға - 5 520 мың теңге;»;

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға - 21 136 мың теңге;»;

он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«анықталмаған сібір жарасы көмiнділері орындарын анықтауға және зертханалық зерттеулер жүргізуге - 9 540 мың теңге;»;

мынадай мазмұндағы жиырма бірінші абзацпен толықтырылсын:

«Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылындағы Федоров №1 жалпы орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу - 31 597 мың теңге;»;

мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:

«Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылындағы Ленин көшесіндегі жолын күрделі жөндеу - 56 423 мың теңге;»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

қосымша

 

Сессия төрағасы                                                                 М. Ибраев

 

Аудандық

 

мәслихат хатшысы                                                            Ә. Нұрғалиев

Қосымша

Теректі ауданы Қоғамдық кеңестің 2016 жылдың атқарылған қызметі туралы ақпарат

Қоғамдық кеңестер функцияларының атауы

Функциялардың іске асырылуы туралы ақпарат

(ақпаратта көрсетілуі тиіс:

аталған функция қоғамдық бақылаудың   қандай түрі арқылы іске асырылады;

аталған функцияны іске асыруда қатысатын (тартылған) адамдардың саны және олардың категориясы;

-  мемлекеттік органдары үшін қандай ұсынымдар мен шешімдер қабылданды;

қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын іске асыру барысында мемлекеттік органдармен қандай шаралар қабылданды 

Қоғамдық кеңестердің аталған функцияны іске асыруы бойынша жұмысының ашықтығы  (ақпаратта мәліметтердің қандай БАҚ-да, сайттарда жарияланғаны көрсетілуі тиіс)

1

бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау

 

 

2

бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау

 

 

3

атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау

- «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 4 бабының 18 тармағы есеп беру формасы

1.  Теректі ауданы әкімі Ж.Серікқаливетің есебі.

2.Теректі ауданындағы жол жағдай туралы.

3. Объектіні қамтамасыз ету бойынша кепілдік міндеттемелерді орындау (Федоровка ауылында су құбырын қайта жаңғырту).

4. Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру.

5. 2015 жылға арналған Теректі ауданы бюджетінің орындалуы туралы есеп.

6. 2020 жылға дейінгі Теректі ауданының даму жоспары.

7. Теректі ауданы ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің 2016 жылдың 5 ай ішінде атқарылған жұмысы туралы.

8. Теректі ауданы Ақжайық полиция бөлімі қамтитін аумақ бойынша 2016 жылдың 5 ай ішінде жергілікті полиция қызметінің атқарылған жұмысы туралы.

9. Шағатай, Подстепное және Федоров селолық округтерінің елді мекендерінде  санитарлық тазалау жұмыстары туралы есептері.

10. Қоғамдық кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

11. Теректі ауданындағы білім жүйесінің жағдайы мен даму шаралары туралы.

12. Теректі ауданынынң 2016-2017 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындығы туралы.

13. Теректі ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырлуы барысы туралы.

14. Теректі ауданы Приречное ауылдық округі Приречное ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы.

15. Ауданның маңызы бар жолдардың жағдайы және күтіп ұстау жөніндегі шаралар туралы.

16. Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

17. 2017 жылға арналған Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын бекіту туралы.

2016 жлдың 26 ақпандағы №8 «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» аудандық газетінде «Состоялось организационное заседание»  мақаласы.

2016 жлдың 4 сәуірдегі №17 «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» аудандық газетінде «Қоғамдық кеңес жиыны» мақаласы.

2016 жлдың 29 сәуірдегі №20 «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» аудандық газетінде «Келісілген іс келте болмас»  мақаласы.

2016 жлдың 27 мамырдағы №24 «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» аудандық газетінде «Найдут свое решение заседание»  мақаласы.

2016 жлдың 30 қыркүйектегі №44 «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» аудандық газетінде «Подход - не формальный»  мақаласы.

2016 жлдың 23 желтоқсандағы №56 «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» аудандық газетінде «Келісіммен өткен кездесу»  мақаласы.

 

4

бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау

 

 

5

азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу

1.   Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-3 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

2.   Теректі ауданы әкімдігінің «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы туралы.

3.   Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-2 «2016-2018 жылдырға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар туралы.

4.   «Теректі ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегімен көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешімінің жобасын талқылау.

5.   Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №32-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасын талқылау.

6.   «2016 жылға егіс жұмыстарының басталу мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №91 Қаулысына өзгертулер енгізу туралы.

7.   2016 жылға Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы бойынша  субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін анықтау туралы2016 жылға Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы бойынша  субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін анықтау туралы.

8.   Теректі аудандық мәслихатының  2015жылғы 25 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9.   «Теректі аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын  және оның сипаттамасын бекіту туралы.

10.                      Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №32-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасын талқылау.

11.                      Теректі аудандық мәслихатының шешімін күші жойылды деп тану туралы.

12.                      2017-2019 жылдарға арналған Теректі аудандық бюджеттің жобасы туралы.

13.                      «Теректі ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Теректі аудандық мәслихатының шешімінің жобасы туралы.

 

6

қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

 

 

7

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу

 

 

8

қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру

 

 

9

қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады

2 комиссия құрылды;

-         Бюджет, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде;

-          Әлеуметтік мәселелер жөнінде